Todayinfo.kz
Восточно-Казахстанская

«Барлық жағдай бақылауымда»: ШҚО әкімі көктемгі су тасқынына дайын екендіктерін мәлімдеді

ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов өңірдегі су тасқыны қаупі мен жол инфрақұрылымының жай-күйіне қатысты кеңес өткізді. Аймақ басшысының айтуынша, қазіргі таңда өңірдегі жағдай тұрақты болғанымен, алдағы кезең аса қауіпті саналады. «Облыс аумағының шамамен 80%-да қар жатыр, дегенмен,

Автор Жаннұр Еділбаева··2 мин чтения
«Барлық жағдай бақылауымда»: ШҚО әкімі көктемгі су тасқынына дайын екендіктерін мәлімдеді

ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов өңірдегі су тасқыны қаупі мен жол инфрақұрылымының жай-күйіне қатысты кеңес өткізді.

Аймақ басшысының айтуынша, қазіргі таңда өңірдегі жағдай тұрақты болғанымен, алдағы кезең аса қауіпті саналады.

«Облыс аумағының шамамен 80%-да қар жатыр, дегенмен, өзендер мен Бұқтырма су қоймасындағы су деңгейі қауіпті межеден төмен. Қажетті алдын алу шаралары жүргізілді, тәулік бойы жұмыс істейтін штаб бар, барлық күштер мен құралдар дайын.

Сонымен қатар цифрлық технологиялар мен мониторинг құралдарын белсендірек пайдалану қажет екендігін атап өттім. Біз нақты уақыт режимінде толық көріністі көріп, алдын ала шешім қабылдауымыз қажет. Бұл су тасқыны кезеңінде тиімді жұмыс істеу үшін аса маңызды»,- деді ол.

Кеңесте жол инфрақұрылымының жағдайы да ерекше назарға алынды. Қыстан кейін жөнделген жолдардың қайтадан жарамсыз күйге түсуіне жол бермеу қажеттігі айтылды. Мердігерлер кепілдік міндеттемелерін толық орындауы тиіс, ал жауапты органдар сапаны қатаң бақылауға алуы қажет.

Өңір басшысы барлық жөнделген жолдарға кешенді талдау жүргізуді, бақылау тәсілдерін жетілдіруді, сондай-ақ қолданылатын материалдар мен кепілдік мерзімдеріне қойылатын талаптарды күшейтуді тапсырды. Оның айтуынша, бұл бағытта формалды емес, жүйелі шешімдер қабылдануы тиіс.

«Барлық мәселелерді жеке бақылауымда ұстап отырмын. Біздің міндет – тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және инфрақұрылымның тұрақты жұмысын сақтау»,- деді әкім.

Похожие материалы