«4 сәуірде 112 пультіне Баянауыл ауданының Жасыбай орманшылығында құрғақ шөптің өртенгені туралы хабарлама келіп түсті. Өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар департаменті, орман шаруашылығы, Қазавиаорманқорғау және Жасыбай орманшылығы департаментінің күштері мен құралдары дереу кірісті. Қазіргі уақытта өртті жоюға 70-ке жуық адам және 20-дан астам техника жұмылдырылды. Екпінді жел мен құрғақ шөп жағдайды қиындатып тұр. Жағдай ерекше бақылауда», - деп хабарлады өңірлік төтенше жағдайлар департаментінен.Оқиға орнына Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаменті басшылығы, сондай-ақ әкімдік өкілдері келді. Төтенше жағдайлар министрлігі және облыстық төтенше жағдайлар департаментінің командалық орталығында жедел штаб құрылды. Өрт орнына қосымша құрамында өңірлік төтенше жағдайлар департаментінің 38 қызметкері мен 11 техника бар колонна жіберілген.
Баянауыл тоғайы өртеніп жатыр
Тілсіз жауды сөндіруге өңірлік төтенше жағдайлар, орман шаруашылығы қызметтері, Қазавиаорманқорғау және Жасыбай орманшылығы күштері мен құралдары жұмылдырылған, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық порталы. Баянауыл ауданындағы Жасыбай орманшылығында өрт тұтанып, бой бермей жатыр.

Тілсіз жауды сөндіруге өңірлік төтенше жағдайлар, орман шаруашылығы қызметтері, Қазавиаорманқорғау және Жасыбай орманшылығы күштері мен құралдары жұмылдырылған, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық порталы.
Баянауыл ауданындағы Жасыбай орманшылығында өрт тұтанып, бой бермей жатыр. Өрт сөндірушілер екпінді жел мен құрғап тұрған өсімдіктер жалынның тез таралуына себеп болып отыр дейді. Жергілікті тұрғындар түсірген бейнежазбалардан байқалғандай, өрт Жасыбай демалыс аймағында, таудағы қарағай тоғайларына тарала бастаған.
Похожие материалы

Новости
Казахстан занял 81-е место в Глобальном инновационном индексе WIPO
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Қазақстан WIPO-ның жаһандық инновациялар индексінде 81-орынға ие болды
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Қазақстандықтар шілде айында қанша күн демалады
Айғаным Нариманова·

Новости
Түркістанда бір үйдің екі баласы өзенге ағып кетті
Айғаным Нариманова·