Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Бекзат Алмахан UFC тарихындағы Қазақстан үшін ең жылдам нокаутты жасады

Қазақстандық ММА спортшысы Бекзат Алмахан (12-2) әлемдегі ең мықты лига саналатын UFC-де екінші жекпе-жегін өткізді. UFC 315 турнирі аясында (Монреаль, Канада) ол промоушендегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Todayinfo.kz. 27 жастағы қазақстандықтың алғашқы алдын ал

Автор Мейіржан Әуелханұлы··2 мин чтения
Бекзат Алмахан UFC тарихындағы Қазақстан үшін ең жылдам нокаутты жасады
Қазақстандық ММА спортшысы Бекзат Алмахан (12-2) әлемдегі ең мықты лига саналатын UFC-де екінші жекпе-жегін өткізді. UFC 315 турнирі аясында (Монреаль, Канада) ол промоушендегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Todayinfo.kz. 27 жастағы қазақстандықтың алғашқы алдын ала жекпе-жегіндегі қарсыласы 33 жастағы жергілікті файтер Брэд Катона (14-5) болды. Үш раундқа жоспарланған жеңіл салмақтағы айқас Бекзат Алмаханның 64 секундта жеңісімен аяқталды. Ол қарсыласына дәл соққы жасап, нокдаунға түсіріп, соңына дейін соққылармен тоқтатты — төреші жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр болды. Бұл Бекзаттың кәсіби мансабындағы 12-ші жеңісі және UFC-дегі есеппен 1-1 нәтижесі. Ол 2024 жылдың наурыз айында UFC-дегі алғашқы жекпе-жегінде ресейлік Умар Нурмагомедовке төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңілген еді, бірақ бірінші раундта қарсыласын нокдаунға түсіріп, көпшіліктің есінде қалған болатын. Ал Брэд Катона үшін бұл – ММА-дегі 19 кәсіби жекпе-жегінде алғашқы уақытынан бұрынғы (досрочное) жеңілісі. Айта кетейік, UFC 315 турнирі аясында екі чемпиондық жекпе-жек өтеді: Валентина Шевченко (24-4-1) Манон Фиороға (12-1) қарсы белбеуін қорғаса, Белал Мухаммад (24-3-0-1) Джек Делла Маддаленаға (17-2) қарсы шығады.  

Похожие материалы

Бекзат Алмахан UFC тарихындағы Қазақстан үшін ең жылдам нокаутты жасады · Todayinfo