Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

«Бірлік пен келісімнің 30 жылы» форумы: Көкшетауда Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейтойы аталып өтті

Көкшетауда Алғыс айту күні мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай «Бірлік пен келісімнің 30 жылы» атты форум өтті. Іс-шара аясында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған ескерткіш тақта ашылды. Форумға Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов қатысты, д

Автор Мейіржан Әуелханұлы··2 мин чтения
«Бірлік пен келісімнің 30 жылы» форумы: Көкшетауда Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейтойы аталып өтті
Көкшетауда Алғыс айту күні мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай «Бірлік пен келісімнің 30 жылы» атты форум өтті. Іс-шара аясында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған ескерткіш тақта ашылды. Форумға Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов қатысты, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат порталы. Алдымен өңір басшысы Ассамблея ардагерлері және құрметті ақсақалдармен бірге «Қоғамдық келісім» ғимаратында орнатылған ескерткіш тақтаның ашылу рәсіміне қатысты. Облыс әкімі бұл белгі – Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық тарихын және ел бірлігін нығайтудағы ерекше рөлін мәңгі есте қалдырудың жарқын көрінісі екенін атап өтті. Сонымен қатар форумға қатысушылар «Бірлік пен келісім жолында – 30 жыл» атты фотокөрмені тамашалады. Көрмеде Ассамблеяның негізгі кезеңдері мен өңірдегі этномәдени бірлестіктердің жұмысы көрсетілген. Форумды ашқан Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Қазақстанды бейбітшілік пен келісімнің символы ретінде бағалап, Қазақстан халқы Ассамблеясының достық пен тұрақтылықты нығайтудағы бірегей институт екенін атап өтті. Сонымен қатар, ол өңірдегі этномәдени бірлестіктердің өңіраралық ынтымақтастық пен қоғамдық келісімді дамытуға қосқан сүбелі үлесін ерекше атап өтіп, Ассамблея мүшелеріне ризашылығын білдірді.
«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІ сессиясында: «Бүгінде барлық азаматтарымыз өзін біртұтас қазақ ұлтының мүшесі ретінде сезінеді. Біз – үлкен, мызғымас бір отбасы ретінде өмір сүріп келеміз. Бұл жай ғана сөз емес, күнделікті шынайы болмысымыз» деп атап өтті. Алғыс айту күні – мейірімділік пен ортақ тарихымызға деген терең құрметтің белгісі. Біздің халқымыздың бауырмалдық пен қолдауға негізделген рухани дәстүрлері уақыт өткен сайын нығайып, жаңа бастамалармен толықтырылып келеді», – деді өңір басшысы.
Форум аясында облыс әкімі өңірдегі қоғамдық келісім мен ынтымақты нығайтуға үлес қосқан этномәдени бірлестіктер мен қоғамдық ұйымдардың белсенді мүшелеріне алғыс хат табыс етті. Олардың қатарында Ақмола облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ардагерлері Амангелді Сыздықов пен Жамұл Мұсханов та бар.
«Қазақстан халқы Ассамблеясы – сан түрлі этностың ортақ шаңырағы. Мұнда әр халықтың мәдениеті, салт-дәстүрі мен тілі ұлықталып, өзара сыйластық пен түсіністікке негізделген орта қалыптасқан. Бірлік пен келісім – еліміздің тұрақтылығы мен өркендеуінің кепілі. Біз осы құндылықтарды бағалап, келер ұрпаққа аманат етуіміз қажет», – деді Амангелді Сыздықов.
Форум өңірдің шығармашылық ұжымдары дайындаған мерекелік концертпен қорытындыланды. Айта кетейік, Ақмола облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының құрамында 40-тан астам этномәдени бірлестік, 104 аналар кеңесі, 21 ақсақалдар кеңесі жұмыс істейді. Сонымен қатар Ассамблея жанында ғылыми-сараптамалық топ, медиация кабинеті, журналистер клубы, декоративті-қолданбалы өнер шеберлері одағы, «Ассамблея жастары» РҚБ филиалы, мемлекеттік тілді насихаттау және дамыту орталығы, кәсіпкерлер қауымдастығы тұрақты түрде қызмет атқарады.

Похожие материалы

«Бірлік пен келісімнің 30 жылы» форумы: Көкшетауда Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейтойы аталып өтті · Todayinfo