Бишімбаев тағы бір баппен тергеледі
Тергеу іске "азаптау" бабын қосқан, деп хабарлайды Todayinfo " Власть " басылымына сілтеме жасап. Астана полиция департаменті ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтаған. Оның бірі 110-баптың

Тергеу іске "азаптау" бабын қосқан, деп хабарлайды Todayinfo "Власть" басылымына сілтеме жасап.
Астана полиция департаменті ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтаған. Оның бірі 110-баптың 2-бөлігі (азаптау), екіншісі 99-баптың 2-бөлімі (аса қатігездікпен кісі өлтіру).
Бұрын тек бір бап, 99-шы бап бойынша іс қозғалғаны хабарланған еді. Қылмыстық кодекске сәйкес, азаптау үшін төрт жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
Бишімбаевтың ағасы "Гастро-орталық" директорына қатысты қылмыстық кодекстің 432-бабы (жасыру) және 434-бабы (қылмыс туралы хабарламау) бойынша тергеу аяқталған.
ІІМ мәліметтері бойынша, қазір қылмыстық процеске қатысушылар қылмыстық іс материалдарымен танысуға кіріскен. Кейін іс прокуратураға жіберіледі.
Еске салайық, бұрынғы экономика министрі Қуандық Бишімбаев Астанадағы мейрамханалардың бірінде әйелін ұрып өлтірді деген күдікпен қамауға алынды.
Қайтыс болған Салтанат Нүкенованың ағасы Қайрат Нүкенов "Бишімбаевты ақтауға тырысқан" блогерлерді айыптай сөйлеп, экс-министрді туыстары ешқашан кешірмейтінін мәлімдеді.
Қылмыстық іске президент Қасым-Жомарт Тоқаев та назар аударып, істі ІІМ басшылығына ерекше бақылауға алуды тапсырды. Кейін экс-министр Бишімбаевтың үстінен «аса қатыгездікпен адам өлтіру» бабы бойынша іс қозғалғаны хабарланды.
фото: ғаламтордан
Todayinfo.kz
Похожие материалы

Новости
В Казахстане завершены защитные мероприятия против саранчовых вредителей: повреждений сельхозкультур не допущено
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Елімізде шегіртке зиянкестеріне қарсы қорғаныс іс-шаралары аяқталды: ауыл шаруашылығы дақылдарының зақымдалуына жол берілген жоқ
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Партиялық жаңғыру: саяси ауыр салмақтылар жаңа көшбасшыларға жол беруде
Жаннұр Еділбаева·

Новости
«Нәпсінің қалауы, иттігіміз»: Омар Жәлел көп әйел алу туралы ойын айтты
Айғаным Нариманова·