Министрлік өкілдері бұл шешімнің бірнеше себебі барын айтады. Ең бастысы – әскери шығындарды оңтайландыру және қаражатты әскердің техникалық жарақтануына бағыттау.
«Біз парадтан гөрі сарбаздардың күнделікті дайындығы мен қару-жарақты жаңартуға басымдық беруді жөн көрдік. Бұл – уақытша шара», – деді ведомство өкілі.
Биыл ел бойынша тек жергілікті деңгейде салтанатты шаралар мен патриоттық іс-шаралар ұйымдастырылады. Ал Батыс Қазақстан облысында да ірі әскери шеру жоспарланбаған.
Айта кетейік, өткен жылы Астанадағы парадқа республикалық бюджеттен 1,5 миллиард теңге жұмсалған еді. Биыл бұл қаражат әскери бөлімдердің материалдық-техникалық базасын жақсартуға кетпек.




