Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Бүгін Қазақстанның басым бөлігіне тұман түсіп, жел соғады

Фото: pixabay Синоптиктердің болжамына қарағанда, ертең, 5 ақпанда Астанада және республиканың 13 өңірінде ауа райы қолайсыз болады, деп хабарлайды  Тodayinfo  ақпараттық порталы. Астанада түнде және таңертең тұман түседі. Батыс Қазақстан облысының батысында,

Автор Мұхтар Жексенбай··1 мин чтения
Бүгін Қазақстанның басым бөлігіне тұман түсіп, жел соғады
Фото: pixabay Синоптиктердің болжамына қарағанда, ертең, 5 ақпанда Астанада және республиканың 13 өңірінде ауа райы қолайсыз болады, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы. Астанада түнде және таңертең тұман түседі. Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстік-батысында көктайғақ болады. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі. Абай облысының оңтүстік-батысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын соғады. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында тұман түседі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың оңтүстік-батысында, оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі. Атырау облысының батысында тұман, көктайғақ. Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданында жаяу бұрқасын, ал олтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады. Мұғалжар ауданында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында аздаған қар жауады, жаяу бұрқасын соғады. Облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екіпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Ұлытау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында кей уақыттарда тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Павлодар облысының солтүстігінде аздаған қар жауады, жаяу бұрқасын соғады. Облыстың солтүстігінде, батысында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында тұман. Шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15 м/с-ке жетеді. Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні - 15-20 м/с. Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні кей уақыттарда 30 м/с және одан асады. Түнде облыстың орталығында, таулы аудандарында 27 градус аяз болады. Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың тау асуларында күші секундына 15-20 метрге жетеді.

Похожие материалы

Бүгін Қазақстанның басым бөлігіне тұман түсіп, жел соғады · Todayinfo