Бүйі тигендей... Атырауда 500-ге жуық түйені қарақұрт шаққан
Атырау облысы аумағында соның ішінде құмды өңірлерде улы бүйі – қарақұрт көбейіп, ауыл шаруашылығы жануарлары зардап шегіп жатыр. 2024 жылғы маусым-шілде айларында 485 бас түйені қарақұрт шағып, салдарынан 90-ы қырылып қалды. Симптоматикалық емдеу шаралары нәтижесінде 306-сы жазы

Атырау облысы аумағында соның ішінде құмды өңірлерде улы бүйі – қарақұрт көбейіп, ауыл шаруашылығы жануарлары зардап шегіп жатыр.
2024 жылғы маусым-шілде айларында 485 бас түйені қарақұрт шағып, салдарынан 90-ы қырылып қалды. Симптоматикалық емдеу шаралары нәтижесінде 306-сы жазылып, 89 түйені әлі де емдеп жатыр. Өлген мал иелеріне 65 211,2 мың теңге шығын келген.
Айта кетейік, улы жәндіктердің шағуының алдын алу, емдеу және өлген жануарларға өтемақы төлеу бюджет қаржысы есебінен қарастырылмаған. Алайда, соған қарамастан жергілікті ветеринар мамандар улы жәндік шаққан жануарларды емдеу шараларын күнделікті жүргізіп жатыр. Сондай-ақ, улы бүйілерден қорғану немесе оларды жоюды бюджет қаржысы есебінен атқарылатын іс-шаралар тізбесіне қосу бойынша шаралар қабылдау туралы Ауыл шаруашылығы министрлігіне хат жолданды.
Похожие материалы

Новости
В Казахстане завершены защитные мероприятия против саранчовых вредителей: повреждений сельхозкультур не допущено
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Елімізде шегіртке зиянкестеріне қарсы қорғаныс іс-шаралары аяқталды: ауыл шаруашылығы дақылдарының зақымдалуына жол берілген жоқ
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Партиялық жаңғыру: саяси ауыр салмақтылар жаңа көшбасшыларға жол беруде
Жаннұр Еділбаева·

Новости
«Нәпсінің қалауы, иттігіміз»: Омар Жәлел көп әйел алу туралы ойын айтты
Айғаным Нариманова·