«Жалпы, сауалнамаға қатысқандардың көпшілігі – 53,1 пайызы АЭС салу идеясын қолдайды. АЭС салу идеясын қолдайтындар оған үлкен үміт артады, олар 2030 жылға қарай электр тапшылығы мәселесі шішіледі деп сенеді. Ал АЭС-ке қарсы болғандар (32,5%) негізінен ықтимал апаттар мен олардың қоршаған ортаға тигізетін зардаптарына алаңдаушылық танытады.Сонымен қатар әрбір оныншы респондент (14,4%) өз таңдауын әлі жасаған жоқ», - делінген ҚСЗИ жүргізген сауалнама нәтижесінде.Сондай-ақ, респонденттердің жартысы (51,0%) референдумда «қолдаймын» немесе «қарсымын» деп дауыс беру үшін АЭС жайлы бүкіл ақпаратты білемін деп санайды. Тағы 12,2%-ы АЭС-тен хабары шамалы екенін жасырмады. Ал сауалнамаға қатысқандардың 31,6%-ы мүлдем ештеңе білмейтінін алға тартса, 5,2 пайызына жауап беру қиынға соққан. Сауалнама барысында респонденттердің 42,6 пайызы АЭС мәселесі бойынша референдумға қатысуға ниет білдірді. Тағы 16,4%-ы қатысуы мүмкін екенін айтты. Респонденттердің 25,3%-ы референдумға қатысуды жоспарлап отырған жоқ, 8,9%-ы шамасы қатыспайды, ал 6,8%-ы жауап беруге қиналды.
Cауалнамаға қатысқан тұрғындардың тең жартысы АЭС салуды қолдаған
Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының тапсырысымен 7-18 тамыз аралығында АЭС құрылысына қатысты әлеуметтік сауалнама жүргізілді, деп хабарлайды Todayinfo. Телефон арқылы жүргізілген сауалнамаға 17 облыстан және Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан 18 жастан асқан 1

Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының тапсырысымен 7-18 тамыз аралығында АЭС құрылысына қатысты әлеуметтік сауалнама жүргізілді, деп хабарлайды Todayinfo.
Телефон арқылы жүргізілген сауалнамаға 17 облыстан және Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан 18 жастан асқан 1200 респондент қатысты.
Похожие материалы

Общество
Маңғыстауда 12 жастағы бала ауладағы әткеншекте көз жұмды
Айдар Керім·

Общество
Перизат Қайрат пен Бишімбаевқа рақымшылық жасала ма? – ІІМ ресми жауап берді
Айғаным Нариманова·

Общество
Ата-ана соңғы қоңырау күні қыздарына сыйлаған гүлін несиеге алған – Жарқынбек Амантайұлы
Айдар Керім·

Общество
Маңғыстау облысы: ауладан баланың мәйіті табылды
Айдар Керім·