Маңғыстау облысында 12 жастағы бала көз жұмды, деп хабарлайды Todayinfo.kz порталы.

Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданында қайғылы оқиға орын алды. 1 маусым күні полицияға Атамекен ауылындағы үйлердің бірінде кәмелетке толмаған баланың қайтыс болғаны туралы хабарлама түскен.

Алдын ала мәлімет бойынша, 12 жастағы бала аулада орнатылған қолдан жасалған әткеншекте ойнап жүрген кезде жазатайым оқиғаға ұшырап, алған жарақаттарынан көз жұмған.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның нақты себептері мен мән-жайларын анықтау үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Құқық қорғау органдары тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпараттың жарияланбайтынын мәлімдеді.