Todayinfo.kz
Технологии

«ChatGPT-ке сенбеңіз»: Ноутбук пайдаланушылар ЖИ-ге сеніп вирусқа жем болуда

Киберқауіпсіздік саласының мамандары macOS жүйесіне бағытталған жаңа зиянды шабуылды анықтады. Atomic macOS Stealer (AMOS) деп аталатын бұл вирус пайдаланушылардың Google іздеу жүйесіне және ИИ-чаттарға деген сенімін тиімді пайдаланып отыр, деп хабарлайды Todayinfo . Зерттеу нәти

Автор Мейіржан Әуелханұлы··2 мин чтения
«ChatGPT-ке сенбеңіз»: Ноутбук пайдаланушылар ЖИ-ге сеніп вирусқа жем болуда

Киберқауіпсіздік саласының мамандары macOS жүйесіне бағытталған жаңа зиянды шабуылды анықтады. Atomic macOS Stealer (AMOS) деп аталатын бұл вирус пайдаланушылардың Google іздеу жүйесіне және ИИ-чаттарға деген сенімін тиімді пайдаланып отыр, деп хабарлайды Todayinfo.

Зерттеу нәтижесін Huntress сарапшылары жариялады. Олар бір қолданушының шағымынан кейін қауіпті схеманы анықтаған.

Вирус Mac-қа қалай енеді?

Сценарий сырт көзге мүлде зиянсыз көрінеді:

  • пайдаланушы Google-дан macOS-та дискті тазалау жолын іздейді;

  • іздеу нәтижесінде ChatGPT немесе Grok чатына апаратын сілтемені таңдайды;

  • чат-бот берген «нұсқаулықтағы» команданы қауіпсіз деп ойлап, Терминалға көшіреді.

Алайда дәл осы сәтте компьютерге диск тазалаудың орнына зиянды бағдарлама жүктеледі.

AMOS вирусы жүйеге қол жеткізіп, браузердегі парольдерді, жеке деректерді, криптокошелектерді ұрлап, бар ақпаратты хакерлерге жібереді.

AppleInsider мәліметінше, ChatGPT пен Grok заңды платформаларда орналасқандықтан, пайдаланушылар оларды сенімді дереккөз деп қабылдайды. Бұл — шабуылдың ең қауіпті тұсы.

Mac-ты қалай қорғауға болады?

Мамандар бірнеше маңызды кеңес береді:

  • ИИ-чаттарға толық сенбеңіз. Олар сенімді естілгенімен, техникалық нұсқаулықта қателесуі мүмкін.

  • Терминалдағы кез келген команданы тексеріңіз. Егер не істейтінін нақты білмесеңіз — іске қоспаңыз.

  • Тек ресми дереккөздерді пайдаланыңыз. Apple нұсқаулықтары мен беделді IT-басылымдар әлдеқайда қауіпсіз.

Похожие материалы