«Биыл ауданда Майлин көшесінен қала шекарасына дейін, 13-ші әскери қалашықта және Майбороды көшесінде Сейфуллин даңғылынан Байкал көшесіне дейін «Кіші Алматы» өзені бойындағы серуендеу аймақтарын жайластыру, сондай - ақ Хмельницкий көшесінің бойындағы тоғандарды тазарту бойынша тағы 4 жоба іске асырыла бастайды», - деді Алматы әкімі.Бұдан басқа, «Халық қатысатын бюджет» (ХҚБ) бағдарламасын іске асыру шеңберінде ауданда 2024 жылы 52 жоба іске қосылды. Ағымдағы жылы сәуір айынан бастап қоғамдық кеңістікті абаттандыруға, автоматты суаруды орнатуға және көшені жарықтандыруға байланысты 32 жобаны іске асыру жұмыстары басталады. Айта кетейік, Алматыда ХҚБ бойынша 2024 жылы барлығы 364 жоба жүзеге асырылды. Алматылықтардан берілген өтінімдер саны 2019 жылмен салыстырғанда 18 есе өсті. Сол кезеңде тұрғындардан барлығы 333 жобалық ұсыныс келіп түсті, ал 2024 жылы 6118 өтінім келіп түсті. Оның ішінде дауыс беруге 1402 жоба және іске асыруға – 316 жоба жіберілді. Бағдарламаның тиімділігі мен тұрғындардың тартылуын ескере отырып, 2024 жылы Алматы әкімі Ерболат Досаев оны қаржыландыруды 18,8 млрд теңгеге ұлғайтты, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 5,8 млрд теңгеге артық.
Демалыс аймағына айналады: Атақты Баум тоғайы мен Үлкен Алматы каналы толықтай жаңарады
Алматның Түрксіб ауданында «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы бойынша 2025 жылы 32 жоба іске асырылуда. Маусым айында Баум тоғайы мен Үлкен Алматы каналын (ҮАК) абаттандыру бойынша екі ауқымды жобаны іске асыру басталады. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев Түрксіб ауданының

Алматның Түрксіб ауданында «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы бойынша 2025 жылы 32 жоба іске асырылуда. Маусым айында Баум тоғайы мен Үлкен Алматы каналын (ҮАК) абаттандыру бойынша екі ауқымды жобаны іске асыру басталады. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев Түрксіб ауданының тұрғындарымен кездесу барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Todayinfo.
Жалпы ауданы 137,7 га Баум тоғайы Сейфуллин мен Сүйінбай даңғылдарының арасында орналасқан. Жоба үш аймаққа бөлуді көздейді: белсенді, рекреациялық және экологиялық шағын архитектуралық нысандарды орнатылады.
ҮАК абаттандыру жобасында рекреациялық және жағажай аймақтарын абаттандыру жоспарланған.
Похожие материалы

Новости
Қазақмыс кәсіпорындарында аумақты абаттандыру жұмысы жүргізілді
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Инвестиции в образование: проект Ustaz Ulytau объединяет 85 школ регионов присутствия «Казахмыса»
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Білімге салынған инвестиция: Ustaz Ulytau жобасы Қазақмысқа қатысы бар өңірлердегі 85 мектепті біріктірді
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Алматыда дүкен қызметкерімен жанжалдасқан әйелге айыппұл салынды
Жаннұр Еділбаева·