Дикий Арманның «оң қолы» болған және оған жақын тағы бір адам Дубайдан жеткізілді
Фото: Ашық дереккөзден алынған Қазақстан билігі БАӘ билігінің көмегімен Арман Жұмагелдиев басқарған ұйымдасқан қылмыстық топтың белсенді мүшелерін Астанаға жеткізгені белгілі болды, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы. Ұйымдасқан қылмыстық топтың ауыр және аса ауыр

Фото: Ашық дереккөзден алынған
Қазақстан билігі БАӘ билігінің көмегімен Арман Жұмагелдиев басқарған ұйымдасқан қылмыстық топтың белсенді мүшелерін Астанаға жеткізгені белгілі болды, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы.
Ұйымдасқан қылмыстық топтың ауыр және аса ауыр қылмыстарды жасағаны, оның ішінде Қазақстандағы мемлекеттік төңкеріске бағытталған іс-қимылдарға қатысы бары айтылған.
ұсталған қылмыстық ұйымның арасында мынадай адамдар бар:
Мақсат Дүйсенов, топ басшысының оң қолы, ұйымның күштік блогына жетекшілік ету, құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл жасау, өзге де қызметті қамтамасыз етуге жауапты болған;
Уәлихан Өсербаев, ұйымның көшбасшысына ерекше жақын, достық қылмыстық ұйымдармен, түрлі мемлекеттердің билік құрылымдарының өкілдерімен қаржы және байланыс үшін жауапты болған.
Бұған дейін сот Арман Жұмагелдиевті Қаңтар оқиғалары ісі бойынша 20 жылға соттаған болатын.
Қылмыстық іс 2022 жылғы қайғылы оқиғалардан кейінгі басты істердің бірі деп аталды. Сотталушылар орындығында 40-тан астам адам болды.
Ақпарат көзі: Ulysmedia
Похожие материалы

Новости
Алматыдағы перзентханада көз жұмған жүкті әйелдің өліміне қатысты тергеу басталды
Айғаным Нариманова·

Новости
Мұхтар Жәкішевтің қызы шетелдікке тұрмысқа шықты
Айғаным Нариманова·

Новости
Алматыда Қырғызстанның экс-премьерінің ұлы қамауға алынды
Айғаным Нариманова·

Новости
Житель Павлодара пытался поджечь подъезд жилого дома
Жаннұр Еділбаева·