Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Доллар мен рубльдің бүгінгі бағамы қандай

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 446 — 450 теңгеден саудаланып жатыр. Ұлттық банктің 18 сәуірдегі ресми бағамы — 1 долларға 448,89 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 4,76 теңге. Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта а

Автор Мейіржан Әуелханұлы··1 мин чтения
Доллар мен рубльдің бүгінгі бағамы қандай
Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 446 — 450 теңгеден саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 18 сәуірдегі ресми бағамы — 1 долларға 448,89 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 4,76 теңге.

Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 446 — 450, 93 теңгеден сатылып жатыр.

Ал, Алматыда доллар 448,4 — 449,7 теңге аралығында құбылып тұр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,69 — 4,79 аралығында саудаланып жатыр.

Айта кетейік, 17 сәуір кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,05 теңгеге төмендеп, 448,73 теңге болған.

 

Похожие материалы

Доллар мен рубльдің бүгінгі бағамы қандай · Todayinfo