Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Дональд Трамп: «Ресей мен Украина арасындағы бейбіт келісім болмауы да мүмкін»

АҚШ Президенті Дональд Трамп NBC News телеарнасына берген сұхбатында Ресей мен Украина арасындағы соғысты бейбіт жолмен аяқтау туралы пікірін білдірді. Бұл жайында Todayinfo.kz хабарлады. «Мүмкін, бұл соғыстың бейбіт аяқталуы жоқ шығар» Сұхбат барысында Трамп: «Меніңше, бейбіт ке

Автор Мейіржан Әуелханұлы··1 мин чтения
Дональд Трамп: «Ресей мен Украина арасындағы бейбіт келісім болмауы да мүмкін»

АҚШ Президенті Дональд Трамп NBC News телеарнасына берген сұхбатында Ресей мен Украина арасындағы соғысты бейбіт жолмен аяқтау туралы пікірін білдірді. Бұл жайында Todayinfo.kz хабарлады.

«Мүмкін, бұл соғыстың бейбіт аяқталуы жоқ шығар»

Сұхбат барысында Трамп:

«Меніңше, бейбіт келісімге келу жақын, бірақ сонымен бірге ол ешқашан мүмкін болмайтын да мәселе болуы мүмкін», – деп мәлімдеді.

Оның айтуынша, келіссөздердің негізгі қиындығыВладимир Зеленский мен Владимир Путин арасындағы терең өшпенділік.

«Мұнда екі адамның арасында үлкен жеккөрушілік бар. Бұл кез келген дипломатиялық процесті қиындатады», — деді Трамп.

АҚШ келіссөзден шығып кетуі мүмкін бе?

Трамп Вашингтон келіссөздерден мүлдем бас тартуы мүмкін екенін жоққа шығармады. Дегенмен ол:

«Бейбіт келісімге жету үшін әлі де өте жақсы мүмкіндік бар», — деп үміт білдірді.

Трамп 2028 жылы сайлауға түспейді

Айта кетейік, осыған дейін Трамп үшінші мерзімге президенттікке үміткер болмайтынын да мәлімдеген болатын.

Похожие материалы

Дональд Трамп: «Ресей мен Украина арасындағы бейбіт келісім болмауы да мүмкін» · Todayinfo