Қытайдың Цзянсу провинциясындағы Уси қаласы бүгінде тек өндіріс пен технология орталығы ретінде емес, заманауи ауыл шаруашылығының жаңа үлгісі ретінде де танылып келеді. Мұнда күріш өсіру дәстүрлі тәсілден толықтай цифрлық басқарылатын жүйеге көшіп жатыр, деп хабарлайды todayinfo.kz.
Усидегі Сишань ұлттық заманауи ауыл шаруашылығы индустриялық паркі Қытайдағы аграрлық технологияның болашағын көрсететін ірі орталықтардың бірі. 48,5 шаршы шақырым аумақты қамтитын парк ғылым, биотехнология, жасанды интеллект және автоматтандырылған техниканы бір экожүйеге біріктірген.

Күріш дәнінен – цифрлық агроөнеркәсіпке дейін
Парк ішіндегі ауыл шаруашылығы технологиялары көрме залында келушілер күріш өсіру тарихынан бастап IoT жүйелерімен басқарылатын «ақылды егіншілікке» дейінгі процесті көреді.
Мұнда егістіктегі датчиктер, смарт-суару жүйелері, дрондар,
автоматты комбайндар, нақты уақыттағы мониторинг технологиялары көрсетіледі.

«Тұқым – ауыл шаруашылығының чипі»
Усидегі ең қызықты жобалардың бірі – күріш биотехнологиясымен айналысатын Hubble Seed Industry зерттеу институты.
Ғалымдар мұнда жаңа буындағы күріш сорттарын жасап жатыр. Зертхана генетикалық талдау, молекулалық іріктеу және биологиялық селекция арқылы жоғары өнім беретін әрі климатқа төзімді сорттар әзірлейді.
Соңғы он жылда мұнда 14-тен астам жаңа күріш сорты шығарылған.

Олардың ішінде премиум санаттағы ароматты жұмсақ күріш, жоғары өнім беретін гибридті сорттар, аймақтық климатқа бейімделген күріш түрлері бар.
Қытайлық мамандар тұқымды бүгінде «ауыл шаруашылығының микрочипі» деп атайды.
Егістікте адам емес, робот жұмыс істейді
Усидегі тағы бір ерекше бағыт – толық автоматтандырылған ауыл шаруашылығы техникасы.
Yuetian Agricultural Machinery компаниясы автономды тракторлар, роботталған егін жинау жүйелері, AI арқылы басқарылатын аграрлық техникалар әзірлеп жатыр.

Кейбір машиналар өздігінен қозғалады, егістікті бақылайды, тыңайтқыш мөлшерін есептейді, зиянкестерді анықтайды, өнім жинауды автоматты түрде жүргізеді.
Компания мәліметінше, мұндай технологиялар еңбек шығынын 70%-ға дейін азайтқан.
2025 жылы университетпен бірге жасанды интеллектке негізделген аграрлық робот жобасы іске қосылған.

Тайху көліндегі «ақылды ферма»
Тайху көлі маңындағы күріш және бидай демонстрациялық алқаптары бүгінде Қытайдағы ең технологиялық егістіктердің бірі саналады.
Мұнда ұшқышсыз комбайндар, агродрондар, смарт-ирригация,
топырақты автоматты талдау жүйелері, «ақылды қорқыт» датчик желісі жұмыс істейді.

Фермерлер енді егістікке тек техника жүргізушісі ретінде емес, деректер менеджері ретінде қарай бастады.
Осылайша, Қытай ауыл шаруашылығы дәл қазір «дәстүрлі егіншіліктен data-driven agriculture моделіне» өтіп жатыр.



Усидегі жоба Қытай үшін жай ғана ауыл шаруашылығы емес. Бұл азық-түлік қауіпсіздігі, технологиялық тәуелсіздік, агроөнеркәсіпті цифрландыру, және ауыл экономикасын жаңғырту стратегиясының бөлігі.
Қытай бүгінде «көбірек егу» емес, «ақылдырақ өндіру» моделіне көшіп жатыр.
Ал Уси – сол өзгерістің ең жарқын мысалдарының бірі.




