Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Ел аумағында әскери ұшақтар ұсталады: Қорғаныс министрлігі мәлімдеме жасады

Қазақстан мен Ресей әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің бірлескен оқу-жаттығуын бастады. Шара 10 наурызға дейін жалғасады.

Автор Мұхтар Жексенбай··1 мин чтения
Ел аумағында әскери ұшақтар ұсталады: Қорғаныс министрлігі мәлімдеме жасады

Қазақстан мен Ресей әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің бірлескен оқу-жаттығуын бастады. Бұл шара 20 ақпаннан 10 наурызға дейін жалғасады, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, бұл – алдын ала бекітілген жоспарлы шара. Оның негізгі мақсаты – екі ел әскерилерінің өзара іс-қимылын жақсарту және әуе қорғанысы күштерінің жауынгерлік әзірлігін арттыру.

"Оқу-жаттығу кезінде әскерилер әуе нысаналарын анықтап, сүйемелдеуді, шартты түрде шекара бұзған ұшақтарды ұстап, оларды белгіленген әуеайлақтарға қонуға мәжбүрлеуді пысықтайды", - деп нақтылады қорғаныс ведомствосы.

Осыған байланысты Қорғаныс министрлігі азаматтарды тек ресми ақпаратқа сүйеніп, жалған ақпаратқа сенбеуге шақырды.

Фото: Әлеуметтік желіден

Похожие материалы

Ел аумағында әскери ұшақтар ұсталады: Қорғаныс министрлігі мәлімдеме жасады · Todayinfo