Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Елдегі түрмелерде мүгедектігі бар 700-ден аса азамат жазасын өтеп жатыр

Ел бойынша түрмелерде 700-ден астам мүмкіндігі шектеулі азамат жазасын өтеп жатыр. Бұл туралы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев хабарлады. Уәкіл мүмкіндігі шектеулі сотталғандарға жағдай жасалмағанына назар аударған. - Қазір бас бостандығынан айыру мекемелерінде қосымш

Автор Мейіржан Әуелханұлы··1 мин чтения
Елдегі түрмелерде мүгедектігі бар 700-ден аса азамат жазасын өтеп жатыр
Ел бойынша түрмелерде 700-ден астам мүмкіндігі шектеулі азамат жазасын өтеп жатыр. Бұл туралы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев хабарлады. Уәкіл мүмкіндігі шектеулі сотталғандарға жағдай жасалмағанына назар аударған.
- Қазір бас бостандығынан айыру мекемелерінде қосымша мұқтаждығы бар 763 адам болса, оның 732-сі ер адам, 31-і әйел. Алайда мекемелердегі жағдайлар ең төменгі халықаралық стандарттарға толық сәйкес келмейді, - делінген ақпаратта.
Артур Ластаев елімізде әртүрлі санаттағы сотталғандарды орналастыра алатын заманауи көпсалалы аралас режимдегі колониялар құру туралы ұсыныс айтқан.
- Түзеу мекемелерінде 700-ден астам мүмкіндігі шектеулі адам жазасын өтеп жатыр. Әрине, олар ерекше жағдайларды талап етеді және түзеу мекемелері мұны ескеруі керек. Оларға лайықты жағдай жасау – заң талабы ғана емес, біздің адамгершілік парызымыз. Осы адамдардың құқықтарын қамтамасыз етіп, қоғамда әділдік пен адамгершілік қағидаттарын нығайтып, әрбір адам қандай жағдайда болғанына қарамастан құрмет пен лайықты қарым-қатынасқа лайық екенін дәлелдейміз, - дейді Ластаев.
 
 

Похожие материалы

Елдегі түрмелерде мүгедектігі бар 700-ден аса азамат жазасын өтеп жатыр · Todayinfo