Todayinfo.kz
ОбществоСмотреть все материалы

Еліміздегі халық саны жайлы жаңа деректер белгілі болды

Фото: liter.kz Ұлттық статистика бюросы бүгін, 2025 жылғы 6 қаңтарда қазақстандықтардың саны туралы жаңартылған деректер ұсынды, деп хабарлайды Todayinfo порталы. Статистикалық деректерге сүйенсек, 2024 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша Қазақстан халқының саны 20 265 320 адамд

Автор Мейіржан Әуелханұлы··1 мин чтения
Еліміздегі халық саны жайлы жаңа деректер белгілі болды
Фото: liter.kz Ұлттық статистика бюросы бүгін, 2025 жылғы 6 қаңтарда қазақстандықтардың саны туралы жаңартылған деректер ұсынды, деп хабарлайды Todayinfo порталы. Статистикалық деректерге сүйенсек, 2024 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша Қазақстан халқының саны 20 265 320 адамды құрады, оның ішінде:
  • қала тұрғындары — 12 751 309;
  • ауыл тұрғындары — 7 514 011.
Айта кетейік, еліміздегі әйелдер саны ерлерге қарағанда 462 236-ға көп:
  • әйелдер — 10 363 778;
  • ерлер — 9 901 542.
Статистикалық мәліметтерге сәйкес, Қазақстанда өткен жылдың қаңтар – қараша айларында 338 612 бала дүниеге келді, 121 479 адам қайтыс болды. Осылайша, халықтың табиғи өсімі 217 133 адамды құрады. Сондай-ақ, республикаға 11 айда келгендердің саны 26 441 адамды, елден кеткендер саны — 12 096 жанды құрады. Нәтижесінде, көші-қон айырмасы — 14 345.

Похожие материалы

Еліміздегі халық саны жайлы жаңа деректер белгілі болды · Todayinfo