Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Енді әншілер жанды дауыспен айтуға міндетті: Президент қандай заңға қол қойды?

Қазақстандық эстрада жұлдыздары мен концерт ұйымдастырушылары үшін жаңа дәуір басталды деуге болады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет, білім және отбасы мәселелеріне қатысты маңызды заңға қол қойды. Ең басты жаңалық – сахнадағы «ауыз жыбырлатуға» заңмен шектеу қойылд

Автор Мейіржан Әуелханұлы··2 мин чтения
Енді әншілер жанды дауыспен айтуға міндетті: Президент қандай заңға қол қойды?

Қазақстандық эстрада жұлдыздары мен концерт ұйымдастырушылары үшін жаңа дәуір басталды деуге болады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет, білім және отбасы мәселелеріне қатысты маңызды заңға қол қойды. Ең басты жаңалық – сахнадағы «ауыз жыбырлатуға» заңмен шектеу қойылды.

Жаңа құжатқа сәйкес, бірнеше кодекс пен заңға өзгерістер енгізілді. Соның ішінде халықтың көптен күткен талабы – мәдени шаралардың сапасын арттыру мәселесі оң шешімін тапты.

Бұдан былай концерттерде фонограмманы пайдалануға тыйым салынады. Бұл талап орындаушыларды халық алдында шынайы өнер көрсетуге міндеттейді.

«Жанды дауыс» және авторлық құқық

Әрине, заңда ерекше жағдайлар да қарастырылған. Фонограмманы тек телевизиялық түсірілімдер кезінде немесе дыбыс техникасы арнайы орнатылмаған, концертке бейімделмеген жерлерде ғана қолдануға рұқсат етілуі мүмкін.

Тағы бір маңызды жаңалық – авторлық құқыққа қатысты. Енді кез келген ән немесе туынды БАҚ-та, онлайн-платформаларда жарияланғанда, оның авторы міндетті түрде көрсетілуі тиіс. Бұл шығармашылық адамдарының еңбегін қорғауға бағытталған нақты қадам.

Жетім балалар және туыстардың құқығы

Заң тек шоу-бизнеспен шектелмейді. Әлеуметтік салада, әсіресе бала асырап алу мәселесінде түбегейлі өзгерістер бар.

Енді ата-ана қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алу немесе қорғаншы болу құқығы бірінші кезекте оның туыстарына беріледі. Егер туыстары болмаса ғана, бала ресми некеде тұрған басқа азаматтарға беріледі. Бұл – баланы жат ортаға жібермей, өз әулетінің ішінде қалдыруға мүмкіндік беретін маңызды шешім.

Мектептегі тамақ пен қауіпсіздік

Сондай-ақ, балалардың денсаулығы мен қауіпсіздігін бақылау күшейтілді. Мемлекеттен қаржыландырылатын мектептер мен лагерьлердегі тамақтану, медициналық көмек және тұрмыстық жағдайды тексеру тәртібі өзгерді.

Бұл нысандарды тексеру енді Кәсіпкерлік кодексімен емес, тікелей «Халық денсаулығы» кодексімен және «Бала құқықтары туралы» заңмен реттеледі. Яғни, санитарлық талаптар бұзылса, тексерушілер шұғыл шара қолдана алады.

Сонымен қатар, колледжде және жоғары оқу орындарында білім сапасын рейтинг арқылы бағалау жүйесі енгізіледі.

Похожие материалы

Енді әншілер жанды дауыспен айтуға міндетті: Президент қандай заңға қол қойды? · Todayinfo