Енді дәрігерге қол көтерсеңіз, заң қатал: 4,3 млн. теңге айыппұл және 3 жыл түрме
Қазақстанда дәрігерлерге күш қолданғандарға қатаң жаза енгізілді — енді олар ресми тұлғалармен тең қорғалады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев дәрігерлер мен жедел жәрдем қызметкерлеріне қарсы күш қолданғандарға қатаң жаза қарастыратын заңға қол қойды. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов мәлімдеді.
Оның айтуынша, енді медицина қызметкерлерінің құқығы өз қызмет орнында полиция, орманшы немесе құтқарушы сынды ресми тұлғалармен теңестіріледі. Бұл өзгеріс барлық азаматтардың өмірі мен денсаулығына тікелей әсер етеді, деді депутат.
Бұл туралы Todayinfo.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұған дейін медицина қызметкерлеріне жасалған шабуылдар тек бұзақылық ретінде тіркелетін. Енді жаңа заң бойынша мұндай әрекеттерге қатысты Қылмыстық кодексте жеке бап пайда болды — 380-3-бап.
Аймағамбетов бұл өзгерістердің маңызын түсіндіре келе, мұндай шаралар дәрігердің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, ал бұл өз кезегінде сан мыңдаған ота мен науқастың өмірін сақтауға ықпал ететінін айтты. "Хирургтың саусақтары сынбаса, ол жұмыста қалады, операция жасай береді", — деді депутат.
Похожие материалы

Новости
Казахстан занял 81-е место в Глобальном инновационном индексе WIPO
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Қазақстан WIPO-ның жаһандық инновациялар индексінде 81-орынға ие болды
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Қазақстандықтар шілде айында қанша күн демалады
Айғаным Нариманова·

Новости
Түркістанда бір үйдің екі баласы өзенге ағып кетті
Айғаным Нариманова·