Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Еуропа нарығы дүрлікті: Қазақстаннан баратын мұнай көлемі екі есеге қысқарды

Қазақстаннан CPC Blend мұнайын экспорттаудағы іркілістер Еуропада шикізат бағасын шарықтатты. Bloomberg дерегінше, қаңтардағы жөнелтімдер жоспардан екі есеге жуық азайған.

Автор Мұхтар Жексенбай··1 мин чтения
Еуропа нарығы дүрлікті: Қазақстаннан баратын мұнай көлемі екі есеге қысқарды

Қазақстаннан мұнай жеткізудегі іркілістер Еуропада шикізат бағасының күрт өсуіне және отын тапшылығына әкелді, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

Bloomberg мәліметінше, негізгі себеп – Каспий құбыр консорциумы (КҚК) арқылы экспортталатын CPC Blend сортының жетіспеушілігі. Қазір мұнай нарыққа кешігіп түсіп жатыр. Бұл жағдайды Ливиядағы іркілістер одан сайын ушықтырған.

Еуропада мұнайдың физикалық сорттары қазір үстеме бағамен сатылып жатыр. Brent бағасын белгілеуде маңызды саналатын WTI Midland маркасы 13 қаңтарда базалық бағадан 2,90 долларға қымбат сатылды. Бұл – бір жылдан астам уақытта болмаған көрсеткіш. Мұнай өңдеушілер CPC Blend жоқ кезде оның орнын басатын Azeri Light сортын алуға мәжбүр, оның да бағасы жылдық максимумға жетті.

Тапшылық аясында «тәтті» (күкірті аз) мұнайға сұраныс күшейген. Сонымен бірге, нарықта венесуэлалық мұнай секілді ауыр сорттар шамадан тыс көп. Мұндай теңгерімсіздік аймақтар арасындағы алшақтықты ұлғайтуда: Еуропа тапшылықтан зардап шексе, Азия жеңілдетілген бағамен мұнай сатып алуды жалғастырып жатыр.

Қазақстаннан экспорттаудың тоқтауы өте маңызды сәтте болды. Қаңтарда жөнелтілген мұнай көлемі жоспарланған межеден екі есеге жуық аз. Қыркүйек айымен салыстырғанда төмендеу тәулігіне 900 мың баррельді құрады.

Бұған ауа райының қолайсыздығы, жабдықтарды жөндеу және КҚК терминалына жасалған дрон шабуылдарының салдары себеп болған.

Фото: Envato Elements

Похожие материалы

Еуропа нарығы дүрлікті: Қазақстаннан баратын мұнай көлемі екі есеге қысқарды · Todayinfo