Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Google жаңа нейрожүйе шығарды: енді кез келген фотоны әнге айналдырады

Google-дың Gemini қосымшасына енгізілген Lyria 3 жасанды интеллекті енді тек мәтіннен ғана емес, фото мен видеодан да ән жасай алады.

Автор Мұхтар Жексенбай··1 мин чтения
Google жаңа нейрожүйе шығарды: енді кез келген фотоны әнге айналдырады

Google DeepMind компаниясы музыка жасауға арналған Lyria 3 атты жаңа нейрожүйені іске қосты. Бұл технология Gemini қосымшасы арқылы 750 миллионнан астам қолданушыға біртіндеп қолжетімді болады, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

Жаңа модельдің басты ерекшелігі – ол тек мәтінге сүйеніп қана қоймай, жүктелген фотосурет немесе видеоның мазмұнына сай әуен жасай алады. Мысалы, «өзінің сыңарын іздеген шұлық туралы күлкілі R&B стиліндегі баяу ән» деп жазсаңыз, жасанды интеллект 30 секундтық дайын трек ұсынады. Оған қоса, бұрынғы нұсқалардан айырмашылығы, Lyria 3 ән мәтінін де автоматты түрде өзі жазады.

Қолданушы композицияның стилін, ырғағын, вокалын және басқа да параметрлерін реттей алады. Ал тректің мұқабасын Nano Banana деп аталатын басқа модель салып береді.

Қазіргі уақытта бұл функция 18 жастан асқан Gemini қолданушыларына сегіз тілде (ағылшын, неміс, испан, француз, хинди, жапон, корей, португал және араб) тегін ұсынылған. Google AI Plus, Pro және Ultra жазылымдарының иелеріне қосымша лимиттер беріледі. Алдымен компьютерлік нұсқада іске қосылған жаңалық жақын күндері мобильді құрылғыларда да пайда болады.

Сонымен қатар, Google бұл технологияны YouTube платформасына да енгізіп жатыр. Бұрын тек АҚШ-та қолжетімді болған Dream Track құралы енді халықаралық нарыққа шығады. Ол Shorts авторларына жасанды интеллект көмегімен музыка жасауға мүмкіндік береді.

Авторлық құқық мәселесіне келетін болсақ, Google модельді компанияның құқығы бар немесе серіктестік келісімшарттар аясында рұқсат етілген музыкамен жаттықтырғанын мәлімдеді.

"Егер қолданушы сұраныста белгілі бір әртістің атын атаса, Gemini оны көшірме жасау деп емес, «кең шығармашылық шабыт» ретінде қабылдап, сол стильге ұқсас трек жасайды", - деп түсіндірді компания өкілдері.

Lyria 3-тің іске қосылуы Google-ды Suno және Udio сияқты стартаптардың тікелей бәсекелесіне айналдырды. Алайда, Google-дың ауқымды қолданушылар базасы оған айтарлықтай басымдық береді.

Фото: Әлеуметтік желіден

Похожие материалы

Google жаңа нейрожүйе шығарды: енді кез келген фотоны әнге айналдырады · Todayinfo