Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Грекияда гей-некелер заңдастырылмақ

Грекия премьер-министрі Кириакос Мицотакис парламентке бір жынысты некені заңдастыру туралы заң жобасын енгізетінін мәлімдеді. Бұл туралы Euronews арнасы мәлімдеді.  Көптеген ЛГБТ жұптарының мүдделерін қорғайтын заңгер Вассилис Сотиропулосте премьер-министрдің осы бастамасын

Автор Мейіржан Әуелханұлы··1 мин чтения
Грекияда гей-некелер заңдастырылмақ
Грекия премьер-министрі Кириакос Мицотакис парламентке бір жынысты некені заңдастыру туралы заң жобасын енгізетінін мәлімдеді. Бұл туралы Euronews арнасы мәлімдеді.  Көптеген ЛГБТ жұптарының мүдделерін қорғайтын заңгер Вассилис Сотиропулосте премьер-министрдің осы бастамасын құптайтынын жасырмады.
«Балалары бар көптеген ЛГБТ жұптары осы заңды күтеді. Олардың қарым-қатынасын неке деп тану балаларын да заңды түрде қорғауды қамтамасыз етеді», - деді ол.
Ресми ақпарат көздерінің жазуынша, аталған заңға ақпан айының соңына дейін Парламентте дауыс береді. Оппозиция жетекшісі Стефанос Касселакистің өзі де өткен жылдың қазан айында Нью-Йоркте жұбымен бірге некеге тұрған.
«Біз некедегі теңдікті заңды түрде бекітеміз, бұл бір жыныстыларүға қатысты кез келген кемсітушілікті жоюға жол ашады», - деді ол.
Todayinfo.kz

Похожие материалы

Грекияда гей-некелер заңдастырылмақ · Todayinfo