Айта кету керек, референдум бүгін бүкіл республика бойынша сағат 7:00-де басталып, кешкі 20:00-ге дейін жалғасады. Сонымен қатар, дауыс беру құқығы бар әрбір азамат сайтта өзінің сайлау учаскесін біле алады.- Референдум – бұл халықтың елде болып жатқан маңызды мәселелерге қатысты тікелей дауыс беру арқылы шешім қабылдауы. Мен Қазақстанның азаматы әрі патриоты ретінде бұл жобаны қолдаймын. Біз өз болашағымызды ойлап, тұрақты әрі сенімді энергия көзін таңдауымыз қажет. Атом энергетикасы – еліміздің тұрақтылығы мен өркендеуінің кепілі, – деді Армат Ғимранұлы.
Халықтың белсенділігі: БҚО-да сайлаушылар учаскелер ашылғанға дейін кезекке тұрды
Батыс Қазақстан облысында сайлаушылар учаскелер ашылғанға дейін кезекке тұрды, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі. Таңғы алтыда оянып, сайлау учаскесі алдында алғашқылардың бірі болып келгендердің қатарында өңірдің шаруа қожалықтарының басшылары мен қызметкерлері

Батыс Қазақстан облысында сайлаушылар учаскелер ашылғанға дейін кезекке тұрды, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.
Таңғы алтыда оянып, сайлау учаскесі алдында алғашқылардың бірі болып келгендердің қатарында өңірдің шаруа қожалықтарының басшылары мен қызметкерлері болды. Солардың бірі – Бәйтерек ауданындағы «АгросервисБатыс» ЖШС басшысы Бисенов Армат. Бүгінде Армат басқаратын қожалық – өңірдің мал басын асылдандыру, егін өсіріп, саланы дамытуға үлес қосып жүрген бірден-бір шаруашылық иесі. Бүгін аталған шаруашылық иесі 43 қызметкерімен өздерінің таңдауын жасауға учаскелер ашылғанға дейін келіпті.
Похожие материалы

Новости
Казахстан занял 81-е место в Глобальном инновационном индексе WIPO
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Қазақстан WIPO-ның жаһандық инновациялар индексінде 81-орынға ие болды
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Қазақстандықтар шілде айында қанша күн демалады
Айғаным Нариманова·

Новости
Түркістанда бір үйдің екі баласы өзенге ағып кетті
Айғаным Нариманова·