Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

ХАМАС басшылығы Катардан Түркияға қоныс аударуы мүмкін

Azfront-тың хабарлауынша, ХАМАС ұйымының басшылығы Катар елінен Түрік Республикасына қоныс аударуы мүмкін. Бұл – әзірше жоспар ғана. Алдағы уақытта ұйым шешім қабылдайды. Қазір палестиндік қозғалыстың жетекшілері Доха қаласында орналасқан. Ал кейбірі Ыстанбұл қаласында тұрып жаты

Автор Мейіржан Әуелханұлы··1 мин чтения
ХАМАС басшылығы Катардан Түркияға қоныс аударуы мүмкін
Azfront-тың хабарлауынша, ХАМАС ұйымының басшылығы Катар елінен Түрік Республикасына қоныс аударуы мүмкін. Бұл – әзірше жоспар ғана. Алдағы уақытта ұйым шешім қабылдайды. Қазір палестиндік қозғалыстың жетекшілері Доха қаласында орналасқан. Ал кейбірі Ыстанбұл қаласында тұрып жатыр. Мәселен, ХАМАС-тың қаржылық мәселесіне жауапты шенеунігі Захер Жабарин бірнеше жылдан бері Түркияда ұйымның жұмысын басқарып келеді. ХАМАС ұйымы Израильдің «Моссад» арнайы қызметінің қастандық жасауы мүмкін екенін мәлімдеді.
  2 қаңтарда Ливанның астанасы – Бейрут қаласында Салех әл-Аруриге қастандық жасалғанын білесіздер. Ол біздің беткеұстар басшымыздың бірі болды. Сондықтан ұйымның басшылығы Катардан Түркияға қоныс аударатын болса, біз отандастарымызды қуана қарсы аламыз, – деді Захер Жабарин.  
Захер Жабарин Ыстанбұлда бірнеше жылдан бері тұрып келе жатқанын, оның жұмысы мен қызметіне ешкімнің кедергі жасамайтынын атап өтті. Оның айтуынша, Түркияда ХАМАС-тың әскери құрылымы орналасқан. Қолда бар мәліметке қарағанда, Захер Жабариннің өзі Анадолы елінің президенті Режеп-Тайып Ердоғанмен жақсы араласады. Сол үшін ол Түркияда ХАМАС-тың бір бөлігін басқарып отыр. Дереккөз: Халық үні Todayinfo.kz

Похожие материалы

ХАМАС басшылығы Катардан Түркияға қоныс аударуы мүмкін · Todayinfo