Todayinfo.kz
СобытияСмотреть все материалы

«Хиджаб – бұл қысым емес, таңдау»: " әнші Айдана Меденова кішкентай қызын тұмшалап тастаған

Коллаж: Todayinfo Әнші Айдана Меденова әлеуметтік желідегі дауға қатысты пікірін ашық айтты, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат порталы. Оның айтуынша, қызы Аминаға хиджаб тағу – ешкімнің қысымы емес, тек өз еркі. «Көпшілігі асыра сілтеп, бізді қызымды хиджаб киюге мәжбүрлейді деп

Автор Мейіржан Әуелханұлы··1 мин чтения
«Хиджаб – бұл қысым емес, таңдау»: " әнші Айдана Меденова кішкентай қызын тұмшалап тастаған
Коллаж: Todayinfo
Әнші Айдана Меденова әлеуметтік желідегі дауға қатысты пікірін ашық айтты, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат порталы. Оның айтуынша, қызы Аминаға хиджаб тағу – ешкімнің қысымы емес, тек өз еркі.
«Көпшілігі асыра сілтеп, бізді қызымды хиджаб киюге мәжбүрлейді деп жазып жатыр. Естеріңізге саламын: Амина әлі бала. Бұл жаста хиджаб кию міндет емес. Егер ол бүгін шешіп тастаймын десе, ешқандай мәселе жоқ», – деді әнші.
Айдана үшін ең бастысы – қызының өзін-өзі бағалауы мен еркін таңдауы.
«Мен әрқашан Аминаға: сен өзіңнің құндылығыңды ешкімге дәлелдеудің қажеті жоқ деп айтамын. Хиджаб – бұл қысым емес, Аллаға деген махаббат пен өз-өзіңді құрметтеу. Бұл – таңдау», – деді ол.
Әнші өзінің бұл түсінікке ұзақ уақыт бойы келгенін жасырмады.
«Мен бұған жылдар бойы жеттім. Ал қызым бұл қадамға менен де тез әрі шынайы барды. Әр адамның жолы өзіне тән. Мен тек дұға етемін, оның жолы жеңіл, саналы әрі нұрлы болсын», – деп түйіндеді Меденова.

Похожие материалы

«Хиджаб – бұл қысым емес, таңдау»: " әнші Айдана Меденова кішкентай қызын тұмшалап тастаған · Todayinfo