Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Иран аятолла Әли Хаменейдің қазасына орай 40 күн аза тұтады

Иран билігі ел аумағында 40 күндік бүкілхалықтық аза тұту жариялап, 7 күндік жалпыұлттық демалыс енгізілгенін мәлімдеді. Бұл шешім Жоғарғы көшбасшының қазасына байланысты қабылданған. Иранның жетекші ақпарат агенттіктері – Tasnim News Agency, IRNA, ISNA, Mehr News Agency және Far

Автор Жаннұр Еділбаева··1 мин чтения
Иран аятолла Әли Хаменейдің қазасына орай 40 күн аза тұтады
Иран билігі ел аумағында 40 күндік бүкілхалықтық аза тұту жариялап, 7 күндік жалпыұлттық демалыс енгізілгенін мәлімдеді. Бұл шешім Жоғарғы көшбасшының қазасына байланысты қабылданған. Иранның жетекші ақпарат агенттіктері – Tasnim News Agency, IRNA, ISNA, Mehr News Agency және Fars News Agency – Жоғарғы көшбасшының жұмыс орнында көз жұмғанын хабарлады. БАҚ дерегіне сәйкес, ол қайтыс болған сәтте қызметтік міндеттерін атқарып отырған. Tasnim агенттігі шабуыл сенбі күні таңсәріде жасалғанын жазды. Сонымен қатар ирандық медиа бұған дейін кейбір шетелдік ақпарат құралдарында революция жетекшісі қауіпсіз жерге жасырынды деген мәлімет тарағанын, алайда оның шындыққа сәйкес келмейтінін атап өтті. Бұдан бөлек, Ислам революциясы сақшылары корпусы алдағы уақытта жауап шаралары қабылдануы мүмкін екенін мәлімдеді. Корпус өкілдері Иран қарулы күштері тарапынан ауқымды әскери операция жасалуы ықтимал екенін жеткізген. Айта кетейік, Жоғарғы көшбасшының қазасы туралы ақпаратты алғаш болып израильдік ресми тұлғалар жариялаған. Кейін бұл жөнінде АҚШ президенті Доналдь Трамп та мәлімдеген. Бірақ белгәлі бір уақыт бойы Иран билігі бұл ақпаратты жоққа шығарған. Фото: WANA

Похожие материалы

Иран аятолла Әли Хаменейдің қазасына орай 40 күн аза тұтады · Todayinfo