Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Ирандағы ахуал: Тоқаев Қазақстанның күштік құрылымдарын күшейтілген режимге көшірді

Ирандағы ахуалдың ушығуына байланысты Президент Тоқаев шұғыл тапсырма берді. Қазақстанның барлық күштік құрылымы тәуліктік жұмысқа көшті.

Автор Мұхтар Жексенбай··1 мин чтения
Ирандағы ахуал: Тоқаев Қазақстанның күштік құрылымдарын күшейтілген режимге көшірді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ирандағы жағдайдың ушығуына байланысты еліміздегі ықтимал қатерлердің алдын алу үшін шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды. Осыған орай барлық күштік құрылым тәуліктік жұмыс кестесіне көшірілді, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Ғизат Нұрдәулетовке күштік құрылымдар мен салалық министрліктердің жетекшілерімен бірлесіп, елдегі тұрақтылыққа төнетін ықтимал қатерлерге қарсы шұғыл әрекет ету жоспарын әзірлеуді жүктеді.

Бұдан бөлек, Үкіметте Сыртқы істер министрлігінің жетекшілігімен арнайы мониторинг тобы құрылып, жұмысқа кірісті. Топ Таяу Шығыстағы ахуалды жіті бақылап, қажетті ақпараттарды жедел таратумен айналысады.

Сондай-ақ өңір әкімдеріне Таяу Шығыстағы жағдайды ескере отырып, жергілікті деңгейде тиісті шешімдер қабылдау тапсырылды.

Фото: Әлеуметтік желіден

Похожие материалы

Ирандағы ахуал: Тоқаев Қазақстанның күштік құрылымдарын күшейтілген режимге көшірді · Todayinfo