Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Ирландиялық жеңілмеген файтер: Шавхат Рахмонов 7 желтоқсанда чемпиондық атақ үшін төбелеседі

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов 7 желтоқсанда Лас-Вегаста UFC 310 турнирінде уақытша чемпиондық атақ үшін жекпе-жек өткізеді. Оның қарсыласы – ирландиялық жеңілмеген файтер Иан Машадо Гэрри, деп хабарлайды Todayinfo.kz. Ирландиялық спортшы жартылай орта салма

Автор Мейіржан Әуелханұлы··1 мин чтения
Ирландиялық жеңілмеген файтер: Шавхат Рахмонов 7 желтоқсанда чемпиондық атақ үшін төбелеседі
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов 7 желтоқсанда Лас-Вегаста UFC 310 турнирінде уақытша чемпиондық атақ үшін жекпе-жек өткізеді. Оның қарсыласы – ирландиялық жеңілмеген файтер Иан Машадо Гэрри, деп хабарлайды Todayinfo.kz. Ирландиялық спортшы жартылай орта салмақта өнер көрсетеді. Ол UFC-ге 2021 жылы дебют жасап, сол уақыттан бері 15 жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңіске жеткен. Жекпе-жек 5 раундқа жоспарланған. Бұған дейін Шавкат Рахмонов UFC чемпионы Біләл Мұхаммадпен жекпе-жекке шығуы тиіс болған. Алайда, денсаулығына байланысты тегі палестиналық спортшы бұл кездесуден бас тартты. Сол себепті басты жекпе-жектің орнына Рахмонов пен Гэрридің айқасы ұйымдастырылып отыр.  

Похожие материалы

Ирландиялық жеңілмеген файтер: Шавхат Рахмонов 7 желтоқсанда чемпиондық атақ үшін төбелеседі · Todayinfo