Израильде үш автобус жарылды: полиция күдіктіні іздеп жатыр
Фото: Израиль ТЖМ Бүгін кешкі уақытта Израильдің Тель-Авив қаласының маңындағы Бат-Ям қаласында үш автобус жарылып, елді дүр сілкіндірді. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, көліктерге жарылғыш құрылғылар орнатылған, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы. Оқиға қалай болды

Фото: Израиль ТЖМ
Бүгін кешкі уақытта Израильдің Тель-Авив қаласының маңындағы Бат-Ям қаласында үш автобус жарылып, елді дүр сілкіндірді. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, көліктерге жарылғыш құрылғылар орнатылған, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы.
Оқиға қалай болды?
Үш автобус бір уақытта жарылған. Қазіргі уақытта зардап шеккендер туралы нақты ақпарат жоқ. Барлық қоғамдық көлік жүргізушілеріне автобустарын тексеріп, жарылғыш заттардың бар-жоғын анықтау тапсырылды.
Қосымша жарылғыш құрылғылар табылды
Жергілікті билік мәлімдемесіне сәйкес, тағы екі жарылғыш зат басқа автобустардан табылған, алайда олар іске қосылмаған. Алдын ала деректер бойынша, олар ертеңгі қарбалас уақытта жарылуы тиіс болған. Оқиға орнында тергеу амалдары жүргізіліп, полиция күдіктіні іздестіруде.
Похожие материалы

События
БҚО-да университеттің ректоры ұсталды
Айдар Керім·

События
Қазақстан мұнайына тиелген екі танкерге шабуыл жасалып, өртке оранды
Айдар Керім·

События
Әкесі есірткі жинаған: Аргентина құрамасын тұқыртқан Ламин Ямальдың өмір жолы
Айдар Керім·

События
Cемь человек погибли ночью в страшном ДТП в Туркестанской области
Айдар Керім·