Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Келесі жылы үй кезегі келіп қалар: Астана әкімі 4 баласы өрттен қаза тапқан анаға қатысты жауап берді

17 қарашада Астанада жалдамалы коттеджде тұрған жалғызбасты ананың төрт баласы өрттен қаза тапқан еді. Астана әкімі Жеңіс Қасымбек бұл әйелге баспана кезегімен берілетінін мәлімдеді. "Бұл отбасы қазір үй кезегінде тұр. Кезек бойынша келесі жылы кезектері келіп қалар. Олар көпбала

Автор Мейіржан Әуелханұлы··1 мин чтения
Келесі жылы үй кезегі келіп қалар: Астана әкімі 4 баласы өрттен қаза тапқан анаға қатысты жауап берді

17 қарашада Астанада жалдамалы коттеджде тұрған жалғызбасты ананың төрт баласы өрттен қаза тапқан еді. Астана әкімі Жеңіс Қасымбек бұл әйелге баспана кезегімен берілетінін мәлімдеді.

"Бұл отбасы қазір үй кезегінде тұр. Кезек бойынша келесі жылы кезектері келіп қалар. Олар көпбалалы отбасы санатымен кезекке тұрған. Сол кезекте қалады. Заң бойынша, балалары қайтыс болса да, кезегі қала береді", - деді Қасымбек.

Әкімнің айтуынша, өртенген үйді жалдап тұрған екінші отбасыға уақытша тұратын жатақхана берілген.

Похожие материалы