Todayinfo.kz
ГлавноеСмотреть все материалы

«Келген соң қайтарып берем»: әскерде атылып өлген сарбаздың туыстары ұлдары жиі ақша сұрағанын айтты

Шығыс Қазақстан облысындағы әскери бөлімде өз-өзіне оқ атып қаза тапқан 20 жастағы Қазбек Оспановтың туыстары өлімнің ресми нұсқасына сенбейді, деп хабарлайды Todayinfo. Марқұмның денесі туған жері Жетісайға қойылды. Жігіттің әскери қызметінің аяқталуына үш-ақ ай қалған еді. Анас

Автор Жаннұр Еділбаева··2 мин чтения
«Келген соң қайтарып берем»: әскерде атылып өлген сарбаздың туыстары ұлдары жиі ақша сұрағанын айтты
Шығыс Қазақстан облысындағы әскери бөлімде өз-өзіне оқ атып қаза тапқан 20 жастағы Қазбек Оспановтың туыстары өлімнің ресми нұсқасына сенбейді, деп хабарлайды Todayinfo. Марқұмның денесі туған жері Жетісайға қойылды. Жігіттің әскери қызметінің аяқталуына үш-ақ ай қалған еді. Анасының сөзінше, Қазбек әскери бөлімде жүргенде жақындарынан жиі қарызға ақша сұраған, ауылына қайтақанда қайтарып беретінін айтқан.
« Ол сыныптастарынан, бұрын бірге жұмыс істеген адамдардан ақша сұрады. Маған ештеңе айтпады, мені ойлаған ғой. Күн сайын қоңырау шалып: «Ақша берші, ақша берші» дейтін. Ұлым қысым көрген» - деді анасы Майра Оспанова.
Әйелдің айтуынша, Қазбектің көзі нашар көретін болған, диагнозы бар. Ол әскерге өз еркімен бармаған. Екі жыл бұрын оны мерзімді әскери қызметке алып кеткенімен, жолда денсаулығына байланысты қайта үйіне қайтарған. Қазбек күзетші болып істеп жүрген.Былтыр сәуір айында оны тікелей жұмыс орнынан тағы да әскери комиссариатқа шақырған. Ресми дерекке сәйкес, Қазбек қарауыл қызметін атқарып тұрған кезде өзіне бекітілген қарудан өзі оқ атып, алған жарақаттарынан көз жұмған.
«Адам өлімі фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеуді ІІМ-нің өңірлік тергеу басқармасы жүргізіп жатыр. Іс әскери прокуратураның бақылауында», - деді ҚР Қарулы күштері Құрлық әскерлері бас қолбасшысының тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары Арынғали Ақышев.
Марқұмның туыстары істегі бірнеше сәйкессіздіктерге назар аударды. Сарбаз қызмет атқарған аумақта бейнебақылау камералары орнатылғанымен, түсірілімдерде оқ атылған сәт тіркелмеген. Сонымен қатар, сот-медициналық сараптама қорытындысында өлім себебі «бас-ми жарақаты» деп көрсетілгенімен, құжат ресми мөрмен расталмаған. Оспановтар отбасы Қазбектің қазасына қатысты оқиғаның толық әрі әділ тергелуін талап етеді. Олар жас сарбаздың әскери бөлімде командирлер тарапынан қысымға ұшырауы мүмкін деп отыр. Фото: скрин

Похожие материалы

«Келген соң қайтарып берем»: әскерде атылып өлген сарбаздың туыстары ұлдары жиі ақша сұрағанын айтты · Todayinfo