Киевте ресейдің зымыранынан қаза тапқан адамдардың саны 30-дан асты
Киев қаласының әскери әкімшілігінің мәліметінше, Ресейдің зымыран шабуылы нәтижесінде қаза тапқандар саны 27-ге жетті. Қаза тапқандардың үшеуі – балалар. 82 адам жарақат алды. Днепропетровск облысында 11 адам қаза тапты, осылайша, зымыран шабуылынан қаза тапқандардың жалпы саны 3

Киев қаласының әскери әкімшілігінің мәліметінше, Ресейдің зымыран шабуылы нәтижесінде қаза тапқандар саны 27-ге жетті. Қаза тапқандардың үшеуі – балалар. 82 адам жарақат алды.
Днепропетровск облысында 11 адам қаза тапты, осылайша, зымыран шабуылынан қаза тапқандардың жалпы саны 38 адамға жетті. Қалалық әкімшілік мәлімдеуінше, зымыранның үш нысанада – “Охматдет” балалар ауруханасы, көпқабатты үй және өндірістік нысанда – қирандыларды тазалау жұмыстары жалғасып жатыр.
8 шілдеде Ресей әскерлері Украинадағы бірнеше облысқа, оның ішінде Киевке шабуыл жасады. Мұнда зымыран “Охматдет” балалар ауруханасының ғимаратына түсті. Украинаның Бас прокуратурасы Ресейдің бұл шабуылын әскери қылмыс деп бағалады, ал ведомство басшысы Андрей Костин Киевке және басқа қалаларға жасалған шабуыл туралы барлық ақпарат пен дәлелдерді Халықаралық қылмыстық сот прокурорының кеңсесіне жіберетінін мәлімдеді.
Похожие материалы

Новости
Казахстан занял 81-е место в Глобальном инновационном индексе WIPO
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Қазақстан WIPO-ның жаһандық инновациялар индексінде 81-орынға ие болды
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Қазақстандықтар шілде айында қанша күн демалады
Айғаным Нариманова·

Новости
Түркістанда бір үйдің екі баласы өзенге ағып кетті
Айғаным Нариманова·