17 мамыр күні Алматы қаласындағы Forum СОО-ның кинотеатрларының бірінде қайғылы жағдай тіркелді. 29 жастағы жігіт фильм көруге келген кезінде попкорн жеп отырып, қақалып қалған.
Жақындарының айтуынша, ол сеанс алдында попкорн сатып алған. Алғашында өзін жайсыз сезініп, құсып жібергенімен, кейін жағдайы сәл жеңілдегенін айтқан. Алайда кино залда отырған кезде тамағы ашып, жүрек тұсының ауырғанын айтып шағымданған. Көп ұзамай есінен танып қалған.
Куәгерлер бастапқыда оны жүрек талмасы болуы мүмкін деп болжап, алғашқы көмек көрсетуге тырысқан. Дегенмен, туыстарының айтуынша, ер адамның тыныс жолы бітеліп қалуы ықтимал. Ол жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмған.




