«Барак Обама тұсында қол жеткізілген келісімнен Дональд Трамп АҚШ-ты өз еркімен шығарып алды. Бұл – келісімді тікелей бұзу. Осыдан кейін ресми Тегеран Қытай Халық Республикасы мен Ресей Федерациясымен қарым-қатынасын нығайта түсті», – деді экс-президент.Ол сондай-ақ Иранның ішкі саяси жағдайы тұрақсыз екенін, сондықтан қысым көрсету мен қорқыту ешқандай нәтиже бермейтінін атап өтті. Билл Клинтон ықтимал соғыстың негізгі қауіптерін де тізіп берді. Оның сөзінше, әскери қақтығыс әлемдік мұнай бағасын шарықтатып, АҚШ-ты тағы бір қымбат соғысқа итермелейді және Еуропа елдерін әлсіретеді. Мәселенің жалғыз шешімі ретінде Клинтон дипломатиялық жолды ұсынды. Ол келіссөздер үдерісіне Батыстың басқа да ықпалды мемлекеттерін тарту қажет екенін баса айтты.
Клинтон: АҚШ Иранды бомбалай алады, бірақ Трамптың қателігінен кейін бұл қауіпті
АҚШ-тың бұрынғы президенті Билл Клинтон Иранға қатысты мәлімдеме жасады. Ол Трамптың келісімді бұзуынан кейін соғыс ашу ақылсыздық екенін айтты.

АҚШ-тың бұрынғы президенті Билл Клинтон Вашингтон мен Тегеран арасындағы шиеленіске қатысты пікір білдіріп, қазіргі жағдайда соғысқа бару үлкен қателік болатынын ескертті, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.
Клинтонның айтуынша, Американың Иранға әскери соққы жасауға толық мүмкіндігі бар. Алайда, оның пікірінше, мұндай қадамның салдары ауыр болады және оған Дональд Трамптың президент кезінде жасаған шешімі себеп.
Похожие материалы

Новости
Казахстан занял 81-е место в Глобальном инновационном индексе WIPO
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Қазақстан WIPO-ның жаһандық инновациялар индексінде 81-орынға ие болды
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Қазақстандықтар шілде айында қанша күн демалады
Айғаным Нариманова·

Новости
Түркістанда бір үйдің екі баласы өзенге ағып кетті
Айғаным Нариманова·