Көкшетаудың 9 тұрғыны алаяққа алданды
Ақмола облысында Көкшетау қаласы тұрғындарының ақшасы мен түрлі гаджеттерін алдау және сенімін пайдалану арқылы иемденген алаяқ ұсталды, деп хабарлады Todayinfo тілшісі. Жәбірленушілермен алаяқ қала көшелерінде танысып, олардың өзіне деген аяушылық әрі жанашырлық сезімдерін тудыр

Ақмола облысында Көкшетау қаласы тұрғындарының ақшасы мен түрлі гаджеттерін алдау және сенімін пайдалану арқылы иемденген алаяқ ұсталды, деп хабарлады Todayinfo тілшісі.
Жәбірленушілермен алаяқ қала көшелерінде танысып, олардың өзіне деген аяушылық әрі жанашырлық сезімдерін тудыру үшін түрлі сылтау айтып, осылайша ақша тапқан. Жәбірленушілердің бірі полицияға хабарласып, белгісіз жас жігіттің қызына тиесілі iPhone 14 Pro смартфонын алдау арқылы иемденгенін, ал екінші арызданушы белгісіз адам ұлының PS4 ұүрылғысын алаяқтық жолмен иемденгенін хабарлады.
22 жастағы Алматы тұрғыны 9 ақмолалықтың ақшасы мен түрлі гаджеттерін алдап алған. Қазір залал сомасы белгіленіп жатыр.
Алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Похожие материалы

Новости
Казахстан занял 81-е место в Глобальном инновационном индексе WIPO
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Қазақстан WIPO-ның жаһандық инновациялар индексінде 81-орынға ие болды
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Қазақстандықтар шілде айында қанша күн демалады
Айғаным Нариманова·

Новости
Түркістанда бір үйдің екі баласы өзенге ағып кетті
Айғаным Нариманова·