Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Көрісу күні: жұрт бір-біріне неге «Бір жасыңмен!» деп тілек айтады?

14 наурызда Қазақстанның батысында Амал мерекесі тойлануда. Бұл күні адамдар көрісіп, бір-біріне «Бір жасыңмен!» деп игі тілек айтады.

Автор Мұхтар Жексенбай··1 мин чтения
Көрісу күні: жұрт бір-біріне неге «Бір жасыңмен!» деп тілек айтады?

Бүгін, 14 наурызда, Қазақстанның батыс өңірлерінде көктемнің жаршысы саналатын Амал мерекесі немесе Көрісу күні тойланып жатыр, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

Бұл – Ұлыстың ұлы күнін тойлаудың бастамасы. Ежелгі дәстүр бойынша, бұл күні жұрт қыстың қаһарынан аман-есен шыққанына шүкіршілік етіп, үлкен-кіші демей, бір-бірінің үйіне арнайы барып, көрісіп, төс қағыстырады.

Көрісуге келгендер бір-біріне «Бір жасыңмен!» немесе «Жасың құтты болсын!» деп игі тілектерін білдіреді. Бұл құттықтау адамның тағы бір көктемге аман жетіп, жасына жас қосқанын білдіреді.

Амал мерекесінің басты ерекшелігі – татулық пен бауырмалдық. Бұл күні бұрынғы өкпе-реніш ұмытылып, ағайын арасындағы татулық нығая түседі. Адамдар арасындағы сыйластық пен мейірім артады.

Фото: Әлеуметтік желіден

Похожие материалы

Көрісу күні: жұрт бір-біріне неге «Бір жасыңмен!» деп тілек айтады? · Todayinfo