Квота санаты үшін растайтын құжаттарды ұсыну қажет (1, 2-топтағы мүгедектер, мүгедек балалар және олардың тәрбиеленуші отбасылары, ауыл жастары, жетім балалар, көпбалалы, әлеуметтік аз қамтылған және толық емес отбасылардан шыққан балалар және т.б.). Жұмысшы біліктіліктеріне (аспаз, күтуші, кондитер, тігінші, дәнекерлеуші, шаштараз және т.б.) және мақсатты мемлекеттік тапсырысқа колледжге әңгімелесу нәтижелері бойынша конкурстан тыс 25 тамызға дейін қабылданады.Педагогикалық мамандықтар, өнер және мәдениет мамандықтары бойынша арнайы немесе шығармашылық емтихандар, медициналық мамандықтар бойынша психометриялық тестілеу және конкурсқа рұқсат алу қарастырылған, – делінген хабарладама.
Колледждерге құжат қабылдау басталды
25 маусымнан бастап 1 шілдеге дейін колледждерге қағаз түріндегі құжаттар қабылданады, деп хабарлады Астана қаласының әкімдігі. 1 шілдеден бастап құжаттарды қабылдау электрондық үкімет порталы (https://egov.kz/cms/kk) арқылы жалғасады. Түлектер 4 колледжді және 4 мамандықты таңда

25 маусымнан бастап 1 шілдеге дейін колледждерге қағаз түріндегі құжаттар қабылданады, деп хабарлады Астана қаласының әкімдігі.
1 шілдеден бастап құжаттарды қабылдау электрондық үкімет порталы (https://egov.kz/cms/kk) арқылы жалғасады.
Түлектер 4 колледжді және 4 мамандықты таңдай алады. Конкурс білім туралы құжатқа сәйкес, міндетті және бейінді пәндердің бағаларын орташа конкурстық балл бойынша бөлу жолымен автоматтандырылған түрде өткізіледі.
Похожие материалы

Новости
В Казахстане завершены защитные мероприятия против саранчовых вредителей: повреждений сельхозкультур не допущено
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Елімізде шегіртке зиянкестеріне қарсы қорғаныс іс-шаралары аяқталды: ауыл шаруашылығы дақылдарының зақымдалуына жол берілген жоқ
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Партиялық жаңғыру: саяси ауыр салмақтылар жаңа көшбасшыларға жол беруде
Жаннұр Еділбаева·

Новости
«Нәпсінің қалауы, иттігіміз»: Омар Жәлел көп әйел алу туралы ойын айтты
Айғаным Нариманова·