АҚШ президенті Дональд Трамп Иранның Ормуз бұғазы жабылды деген мәлімдемесін жоққа шығарды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттіг.і
Дональд Трамп 12 шілде күні NBC телеарнасындағы Meet the Press бағдарламасында Иранның мәлімдемесіне жауап беріп, Ормуз бұғазының ашық екенін айтты.
"Иә, ол ашық. Біз кеше түнде оның күл-талқанын шығардық", – деді Трамп.
Ақ үй басшысы сондай-ақ Тегеранның келіссөздерді жалғастыруға келіскенін айтты.
"Кеше олар келісімге келуге келісті. Бұл біз үшін мінсіз келісім болар еді. Ешқандай ядролық бағдарлама да, оған ұқсас ештеңе болмайды. Олар бәрінен бас тартты. Бірақ кейін келіссөз бөлмесінен шығып, арада бір сағат өткенде кемеге ұшқышсыз ұшу аппаратын ұшырды", – деді Трамп.
Сонымен қатар CENTCOM Иранның Ормуз бұғазын бақыламайтынын мәлімдеді.
"Ормуз бұғазы халықаралық су жолы болып қала береді. АҚШ күштері өңірде орналасқан және оның осы мәртебесінің сақталуын қамтамасыз етуге дайын", – деп жазды CENTCOM X әлеуметтік желіде.




