Ләйлә Сұлтанқызы Бишімбаев ісінен кейін тұрмысқа шығуға қорқатын қыздар көбейіп кеткенін айтты
[ad_1] Тележүргізуші Ләйла Сұлтанқызы Бишімбаев ісінен кейін тұрмысқа шығудан қорқатын қыздардың қатары көбейгенін айтып, желіде жазба жариялады. Журналистің айтуынша, бес саусақ бірдей емес, бағалай білген адамға отбасы деген нағыз бақыт. «Боянып отырғанмын. Есік ашылып, «мен кү

[ad_1]
Тележүргізуші Ләйла Сұлтанқызы Бишімбаев ісінен кейін тұрмысқа шығудан қорқатын қыздардың қатары көбейгенін айтып, желіде жазба жариялады.
Журналистің айтуынша, бес саусақ бірдей емес, бағалай білген адамға отбасы деген нағыз бақыт.
«Боянып отырғанмын. Есік ашылып, «мен күйеуге шықпаймын» деген сөздермен бір қызым (командамыздың мүшесі) кіріп келді. Мені бояп тұрған визажист те «мен де қорқамын шығуға» деп қостай кетті. Соңғы кездері жастардан бұл пікірді жиі естимін. Себебін сұрасам: «Эмоцияның адамы бірінші істеп алып, кейін ойланады. Сондайда ұрып жіберсе ше?», «Сөзге келіп қалудан қорқамын…» «Изменять» етсе ше?», «Менің сөзіммен санаспай, өзінікін жасай берсе?» «Ата-енем қатал болса…?», «Баламен ешқайда шығармай, үйде отырғызып қойса?» деп жалғастыра берді. Аргументтері жетеді енді. Енді мені, «неге тұрмыс құруды бақытсыздықпен тең көретіндер көбейіп кетті?» деген ой мазалауда. Бес саусақ бірдей емес. Күйеудің бәрі Бишімбаев сияқты деген сөз де емес. Білесіз бе, бағалай білген адамға отбасы деген нағыз бақыт. Ішінде екі адамның бір-біріне деген қамқорлығы, мейірім, төзім, жақсы көру, сыйластық, бірігу, талпыну, армандау, мақсатқа жету сияқты қанша эмоция, іс-әрекет жатыр. Қыздардың бұл ойы мені қатты алаңдатады. Мені 72,5% қыз-келіншектер оқиды. Арасында 16-20 жасар қыздар да бар. Айтыңыздаршы, қазіргі қыздар тұрмыс құрудан неге қашады?», - дейді Ләйлә Сұлтанқызы.
Похожие материалы

Новости
В Казахстане завершены защитные мероприятия против саранчовых вредителей: повреждений сельхозкультур не допущено
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Елімізде шегіртке зиянкестеріне қарсы қорғаныс іс-шаралары аяқталды: ауыл шаруашылығы дақылдарының зақымдалуына жол берілген жоқ
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Партиялық жаңғыру: саяси ауыр салмақтылар жаңа көшбасшыларға жол беруде
Жаннұр Еділбаева·

Новости
«Нәпсінің қалауы, иттігіміз»: Омар Жәлел көп әйел алу туралы ойын айтты
Айғаным Нариманова·