3 маусымда Мәжіліс кулуарында депутат Азат Перуашев бұған дейін Қазақстанды "Штрафстан" деп атаған мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.

"Өткен жылы мен осындай мәлімдеме жасаған кезде, Қазақстанды "Штрафстан" деп атау дұрыс емес екенін мойындадым. Парламент депутаттары сөзін мұқият әрі салмақтап айтуы тиіс. Бұл сөзді бір жыл бұрын айттым. Кеше президент тек мені ғана емес, басқа да азаматтарды сынға алды. Бұл жұмыс, бұл өмір. Біз президенттің сынын қабылдап, одан сабақ алып, әрі қарай жұмыс істеуіміз керек", – деді депутат.

Қазір Азат Перуашев Қазақстанды "Айыппұлстан" деп атауға болмайды деп есептейді.

"Біздің еліміз – Қазақстан. Бұл "Штрафстан емес. Біз өркениетті мемлекетпіз", – деп қосты ол.