Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

«Мектеп бітіру кешіне әр оқушыдан 200 мың теңгеден жинайды»: алматылық тұрғын ата-аналардың дарақылығын айтты

Алматылық тұрғын мемлекеттік мектеп әкімшілігі бітіруші түлектердің ата-аналарынан 200 000 теңгеден жинап жатқанын айтып, видео түсірді , деп хабарлайды Todayinfo . Мәселен, қыз бала: «Әке, мен мектепті үздік аяқтадым, енді соңғы қоңырау мен бітіру кеші үшін 200 мың теңге керек»,

Автор Жаннұр Еділбаева··1 мин чтения
«Мектеп бітіру кешіне әр оқушыдан 200 мың теңгеден жинайды»: алматылық тұрғын ата-аналардың дарақылығын айтты

Алматылық тұрғын мемлекеттік мектеп әкімшілігі бітіруші түлектердің ата-аналарынан 200 000 теңгеден жинап жатқанын айтып, видео түсірді, деп хабарлайды Todayinfo.

Мәселен, қыз бала: «Әке, мен мектепті үздік аяқтадым, енді соңғы қоңырау мен бітіру кеші үшін 200 мың теңге керек», – дейді. Әкесі ойланады: «Жалақым 250 мың теңге болса, бұл ақшаны қалай тауып беремін? Қарызға алайын ба, несиеге алайын ба», деп тұрғанда қызы «кешке киетін көйлек пен туфли» керек,- дейді.

Сөйтіп, жалпы алғанда 300–400 мың теңге шығады. Әкесі «жоқ» дейді, әрине, қыз жылайды, жанжал шығарады, үйдің берекесі кетеді.

Әр оқушыдан 200 мың жинайтындай ол қандай той?»,- дейді автор.

Қоғам пікірі екіге бөлінді

Желі қолданушыларының пікірі қақ бөлінді: бірі мектеп бітіру кеші ерекше әрі есте қаларлық болу керек десе, екіншісі мұндай көлемдегі шығынды орынсыз әрі ата-аналарға ауыр салмақ салатынын айтты.

Айта кетейік, мұндай ақша жинауды көбіне ата-аналар комитеті немесе ұйымдастырушылар өздері қолға алады. Дегенмен, кейбір мектептерде мұны міндетті деп санайтындай.

Мектеп бітіру кешіндегі шығын қаншалықты орынды?

Қазақстанда соңғы жылдары мектеп бітіру шараларына кететін шығын қоғамда жиі талқыланып жүр.

Оқу-ағарту министрлігі: «Мектеппен қоштасу кешіне аниматорларды, мерекелік агенттіктерді, ақылы әртістерді, мерекелік шараларға жеке студияларды шақыруға,  мерекелік дастархандарды ұйымдастыруға, жалға алынған автокөліктермен экскурсиялар өткізуге болмайды»,- деп тыйым салған еді.

Оған қоса,  мұғалімдерге сыйлық алу үшін ақша жинауға қатаң тыйым салынған болатын. Бірақ бұл тыйымға құлақ асатындар аз секілді.

Похожие материалы

«Мектеп бітіру кешіне әр оқушыдан 200 мың теңгеден жинайды»: алматылық тұрғын ата-аналардың дарақылығын айтты · Todayinfo