Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

«Мемлекеттік органдар көздерін жұмып келді»: Мәжіліс депутаты Алматы тауындағы тағы бір былықты көрсетті (ВИДЕО)

Депутат Бақытжан Базарбек жер заңнамасына қатысты тағы бір былықты әшкерелеп, әлеуметтік желіде фото-видеолармен бөлісті, деп жазады todayinfo.kz Оның айтуынша, аталған заңсыздық Наурызбай ауданында болып жатыр. "Кеше біз Наурызбай ауданындағы тау бөктерінің тау қуыстарының заңсы

Автор Айғаным Нариманова··1 мин чтения
«Мемлекеттік органдар көздерін жұмып келді»: Мәжіліс депутаты Алматы тауындағы тағы бір былықты көрсетті (ВИДЕО)
Депутат Бақытжан Базарбек жер заңнамасына қатысты тағы бір былықты әшкерелеп, әлеуметтік желіде фото-видеолармен бөлісті, деп жазады todayinfo.kz Оның айтуынша, аталған заңсыздық Наурызбай ауданында болып жатыр.
"Кеше біз Наурызбай ауданындағы тау бөктерінің тау қуыстарының заңсыз, рұқсатсыз көміп тастау әрекетін анықтадық! Жылдар бойы табиғат қирап жатқанда әкімдік, полиция және барлық бақылау және қадағалау саласындағы мемлекеттік органдар көздерін жұмып келді. Экологиялық қылмысқа кім жауап береді?», – деп ашынды депутат.
Бейнежазбада Наурызбай ауданына қарасты Қарағайлы ықшамауданы маңында жоталар құммен көмілгені анық көрінеді.  Фото: Асқар Ахметуллин

Похожие материалы

«Мемлекеттік органдар көздерін жұмып келді»: Мәжіліс депутаты Алматы тауындағы тағы бір былықты көрсетті (ВИДЕО) · Todayinfo