Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

«Менімен сөз таластырма, ей н..»: Алматыда ПД боқауыз бастығы жұмыстан шеттетілді

Алматыда Полиция департаментіне қарасты басқарманың боқауыз бастығы жұмыстан шеттетілді. Аудандық басқармадағы шенеунік заң талаптарын өзі сақтамай, қоластындағы қызметкерлерді қорлаған, деп хабарлайды Todayinfo. Telegram-арналарда  полиция басшысының қол астындағы қызметкер

Автор Мейіржан Әуелханұлы··1 мин чтения
«Менімен сөз таластырма, ей н..»: Алматыда ПД боқауыз бастығы жұмыстан шеттетілді
Алматыда Полиция департаментіне қарасты басқарманың боқауыз бастығы жұмыстан шеттетілді. Аудандық басқармадағы шенеунік заң талаптарын өзі сақтамай, қоластындағы қызметкерлерді қорлаған, деп хабарлайды Todayinfo. Telegram-арналарда полиция басшысының қол астындағы қызметкерімен әңгімесі делінген жазба тарады. Әңгіме тақырыбы түсініксіз, бірақ бейәдеп сөздер естіледі.
"Сен менімен сөз таластырмақсың ба? П...й н...й бұл жерден. Түсіндің бе н...й? Кеше ғана келген бала. Өз ісіңе жауап бер! (...) Өз жұмысыңды істе!" – деп естіледі жазбада.
Әбден қорлыққа шыдамаған қызметкерлер дәлел ретінде бастықтарының жазбасын таратып жіберген.
"Әуезов аудандық Полиция басқармасының бастығы, суға салса батпайтын полковник Данияр Мендебаев қол астындағыларын осылай балағаттайды. Қаңтар оқиғасына дейін Алматы облысы ПД бастығы генерал Күдебаевтың орынбасары болған. Қаңтардан кейін қайтадан құқық қорғау органдарында қызметке оралған" – делінген жазба сипаттамасында.
Алматы полиция департаменті бұл дерек бойынша қызметтік тексеру жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.
"Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Тексеру кезеңінде аталған басшы қызметінен уақытша шеттетілді. Егер тәртіп бұзушылық расталса, қатаң шаралар қабылданады," – деп хабарлады Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Похожие материалы

«Менімен сөз таластырма, ей н..»: Алматыда ПД боқауыз бастығы жұмыстан шеттетілді · Todayinfo