Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

«Менің жүрегімде жеңіс»: Алматылық оқушылар арасында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай мүшәйра өтті

Алматылық оқушылар арасында Жеңістің 80 жылдығына орай ақындар мүшәйрасы өтті. Жас таланттар майдан даласында қан кешіп, жаудан қорғану жолында от кешкен батырлар жайлы өлең шығарып, білімдерін шыңдады, деп хабарлайды Todayinfo. «№1 Оқушылар үйінде» өткен іс-шараны № 180 МГ, № 26

Автор Мейіржан Әуелханұлы··1 мин чтения
«Менің жүрегімде жеңіс»: Алматылық оқушылар арасында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай мүшәйра өтті
Алматылық оқушылар арасында Жеңістің 80 жылдығына орай ақындар мүшәйрасы өтті. Жас таланттар майдан даласында қан кешіп, жаудан қорғану жолында от кешкен батырлар жайлы өлең шығарып, білімдерін шыңдады, деп хабарлайды Todayinfo. «№1 Оқушылар үйінде» өткен іс-шараны № 180 МГ, № 26 ЖББМ, № 182 МГ, № 204 ЖББМ, № 205ЖББМ ұстаздары ұйымдастырды. Оған аудандағы барлық мектептен оқушылар қатысты. Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған шараны оқушылар - «Менің жүрегімдегі жеңіс» деп атады.
«Алатау аудандық жас ақындар мүшәйрасы жоғары деңгейде өтті. Бұл ерекше шара ерлік пен батырлықты дәріптеп, елін қорғаған батырларға деген құрметті арттыруға арналды. Байқау екі кезеңнен тұрды: Бірінші кезең – «Менің жүрегімдегі жеңіс» тақырыбына арналған авторлық өлеңдерін оқыды. Екінші кезең – ақындар арнайы тақырыпта 10 минут ішінде өлең шығарды. Байқау барысында қатысушылар батырлық пен ерлікке толы жырларын оқып, көрермендерді рухани серпілтті. Олардың шығармалары еліміздің тарихын, халқымыздың жеңіске жету жолындағы ерлік істерін бейнеледі», -деді Алатау аудандық Білім бөлімінің мамандары.
Бұл кеш – тек өткенді еске алу ғана емес, болашақ ұрпақтың бойына рух пен патриоттық сезім ұялататын ерекше шара саналады. ЖЕҢІМПАЗДАР: 1-орын: Құсайын Асқар (№169 МЛ) 2-орын: Ермекбай Ерсұлтан (№154 ЖББМ); Сыбанқұл Адемі (№182 МГ) 3-орын: Іргебай Бағжан (№205 ЖББМ),Қидарбек Рамазан (№164 ЖББМ) Болатқызы Жанерке (№180 МГ) Ынталандыруға ие болғандар: Әкімхан Дастан (№26 ЖББМ) Бейсетан Әнел (№41 ЖББМ) Ерболат Көркем (№91 ЖББМ) Мадешова Шынар (№114 ЖББМ) Абдувахитова Аружан (№149 ЖББМ) Тұрарбек Аяна (№185 МГ) Көптілеу Әсел (№204 ЖББМ) Серік Бақдәулет (№166 МЛ)  

Похожие материалы

«Менің жүрегімде жеңіс»: Алматылық оқушылар арасында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай мүшәйра өтті · Todayinfo