Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Молдова ТМД-дан кетті: «Ресей Грузия мен Украинаға басқыншылық жасады»

Молдова парламенті елдің ТМД құрамынан шығуын қолдады. Бұл шешімге Ресейдің Украина мен Грузияға жасаған басқыншылығы себеп болған.

Автор Мұхтар Жексенбай··1 мин чтения
Молдова ТМД-дан кетті: «Ресей Грузия мен Украинаға басқыншылық жасады»

Молдова парламенті елдің Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) құрамынан шығуын қолдап, тиісті шешім қабылдады, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

Депутаттар 1991 жылы 8 желтоқсанда Минскіде қол қойылған ТМД-ны құру туралы келісімнен және 1993 жылы 22 қаңтарда қабылданған ТМД Жарғысынан бас тартты.

Заң жобасына қоса берілген түсіндірме хатта достастықтың негізін қалаған мемлекеттердің бірі – Ресей Федерациясының ТМД-ны құру туралы келісімде бекітілген аумақтық тұтастық пен шекараларға қол сұғылмаушылық қағидатын сақтамай отырғаны атап өтілген.

Құжатта Ресейдің бұл қағидатты "Грузияға қарсы агрессия актілері, Украинаға қарсы соғыс, осы елдердің аумақтарын басып алу және аннексиялау, сондай-ақ Молдова Республикасының аумағында ресейлік әскерлерді заңсыз орналастыру" арқылы бұзып келе жатқаны жазылған.

Фото: Әлеуметтік желіден

Похожие материалы

Молдова ТМД-дан кетті: «Ресей Грузия мен Украинаға басқыншылық жасады» · Todayinfo