Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Мұрат Нұртлеу мен Лавров келіссөз өткізді

Қазақстан мен Ресейдің сыртқы істер министрлері Мұрат Нұртлеу мен Сергей Лавров келіссөздер өткізді, деп мәлімдеді ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі. «Қазақстан Республикасының Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртлеу Ұжымдық қауіпсіздік

Автор Мейіржан Әуелханұлы··1 мин чтения
Мұрат Нұртлеу мен Лавров келіссөз өткізді

Қазақстан мен Ресейдің сыртқы істер министрлері Мұрат Нұртлеу мен Сергей Лавров келіссөздер өткізді, деп мәлімдеді ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

«Қазақстан Республикасының Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртлеу Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы (ҰҚШҰ) Сыртқы істер министрлері кеңесінің Чолпон-Ата қаласында өтетін отырысы қарсаңында Ресей Федерациясының сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездесу өткізді», – делінген жексенбі күні таратылған хабарламада.

Келіссөз барысында тараптар Қазақстан мен Ресей арасындағы саяси және экономикалық ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен даму келешегін, транзиттік-көлік, энергетика салаларындағы әріптестікті, сондай-ақ халықаралық ұйымдар мен өңірлік интеграциялық бірлестіктер аясындағы өзара іс-қимылды талқылады.

«Сондай-ақ тараптар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, жоғары және аса жоғары деңгейдегі екіжақты іс-шаралар кестесін нақтылады», – деп толықтырды Қазақстан СІМ.

Похожие материалы

Мұрат Нұртлеу мен Лавров келіссөз өткізді · Todayinfo