Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Нашар интернет Қазақстанда жасанды интеллекті енгізуге кедергі болуы мүмкін

Oxford Insights cарапшыларының мәліметінше, 2023 жылы Қазақстан Үкіметі жасанды интеллект технологияларын енгізуге дайындығы бойынша 193 елдің ішінде 72-орынға ие болды. Сарапшылар сондай-ақ ЖИ енгізуді қиындататын бірнеше кедергіні атады. Oxford Insights сарапшыларының атап өтуі

Автор Мейіржан Әуелханұлы··1 мин чтения
Нашар интернет Қазақстанда жасанды интеллекті енгізуге кедергі болуы мүмкін
Oxford Insights cарапшыларының мәліметінше, 2023 жылы Қазақстан Үкіметі жасанды интеллект технологияларын енгізуге дайындығы бойынша 193 елдің ішінде 72-орынға ие болды. Сарапшылар сондай-ақ ЖИ енгізуді қиындататын бірнеше кедергіні атады.

Oxford Insights сарапшыларының атап өтуінше, интернет және цифрландырудың жоғары деңгейі Қазақстанда ЖИ-ды сәтті енгізудің негізгі факторларына айналуы мүмкін. Дегенмен, бірқатар кедергілер бар:

* заманауи инфрақұрылымның және ЖИ үшін жеткілікті есептеу қуатының болмауы; * ЖИ өнімдерінің техникалық қауіпсіздік стандарттарының болмауы, бұл сараптама жүргізуде қиындықтар туғызады; * деректерге қол жеткізудің қиындатылуы; * интернет сапасының төмен болуы; * ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды дамытудың белсенді ұлттық институтының болмауы; * әлеуетті клиенттер арасында ЖИ өнімдеріне төмен сұраныс және технологияға сақтықпен қарау.

Сарапшылар сондай-ақ технологиялардан тым көп нәрсе күтілетінін, бұл болашақта қаржыландырудың қысқаруына және инвестициялардың жылыстауына әкелуі мүмкін екенін атап өтті.

Похожие материалы

Нашар интернет Қазақстанда жасанды интеллекті енгізуге кедергі болуы мүмкін · Todayinfo