Todayinfo.kz
ОбществоСмотреть все материалы

"Нервіңді үйде көрсетесің": Алматыда такси жүргізушісін қорлаған 32 жастағы жігіт сотталатын болды

Фото: ru.freepik.com Алматы полициясы такси жүргізушісін шапалақпен тартып жіберген қала тұрғынын анықтап, ұстады. Бұл туралы  Polisia.kz  жазды, деп хабарлайды Todayinfo. 19 жастағы қала тұрғынына қатысты заңсыз әрекеттер жасады деген күдікке ілінген 32 жастағы ер адам

Автор Мейіржан Әуелханұлы··1 мин чтения
"Нервіңді үйде көрсетесің": Алматыда такси жүргізушісін қорлаған 32 жастағы жігіт сотталатын болды
Фото: ru.freepik.com Алматы полициясы такси жүргізушісін шапалақпен тартып жіберген қала тұрғынын анықтап, ұстады. Бұл туралы Polisia.kz жазды, деп хабарлайды Todayinfo. 19 жастағы қала тұрғынына қатысты заңсыз әрекеттер жасады деген күдікке ілінген 32 жастағы ер адам полицияға жеткізілді.
"Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде. Ол өз кінәсін мойындады. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу жалғасуда", - деп жазылған хабарламада.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Еске сала кетейік, Алматыда такси жүргізушісі өзін ұрған агрессивті жолаушының іс-әрекетін видеоға түсіріп алып, желіде жариялады. Көліктің артқы жағында отырған жолаушы темекі шеккен. Жүргізуші оған ескерту жасап, темекі шекпеуді өтінеді. Алайда ер адам такси жүргізушісін боқтап, шапалақпен тартып жіберген.

Похожие материалы

"Нервіңді үйде көрсетесің": Алматыда такси жүргізушісін қорлаған 32 жастағы жігіт сотталатын болды · Todayinfo